---
title: "Интернет жарнама"
description: "Ғаламтордағы жарнама – бұл қазіргі таңдағы қолжетімді жарнама түрінің бірегейі. Осы жарнама құралы к..."
author: "kurmangaliev.azamat"
published: "2018-06-14T15:16:32+00:00"
modified: "2018-06-14T15:16:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/internet-zharnama-807345"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/internet-zharnama-807345/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Интернет жарнама

> Ғаламтордағы жарнама – бұл қазіргі таңдағы қолжетімді жарнама түрінің бірегейі. Осы жарнама құралы к...

Ғаламтордағы жарнама – бұл қазіргі таңдағы қолжетімді жарнама түрінің бірегейі. Осы жарнама құралы көмегімен өз тауарыңызды дәл «потенциальный» сатып алушыға көрсете аласыз. Мыс; егер сіз қыз-келіншектерге арналған опа-далап сататын болсаңыз, жарнама тек опа-далап туралы ғаламтордан іздеген қыз-келіншектерге ғана көрсетіледі. Газет, журнал, теледидар және радиоға қарағанда, бұл құрал сіздің жарнамаңыздың эффектілігін әр кез есептеп отырады, демек, кез-келген уақытта түзету енгізуге мүмкіндік бар Мыс; газетке берілген жарнамада телефон нөміріңіз қате жазылып кетсе, келесі тиражда ғана түзей аласыз. Веб-аналитика құралы, сіз жұмсаған әр тиынның есебін алуға мүмкіндік береді.

Ғаламтордағы жарнаманың белгілі 5 түрі бар, олар;

Контексттік жарнама – бұл жарнама, адамның сұранысына жауап ретінде беріледі. Мыс; мен опа-далап іздеп отырмын Гуглда, осы сәтте сіздің жарнаманың менің көз алдыма шығады. Медия жарнама – Бұл жарнама нақты іс-әрекетке шақырмайды, бұл сіздің брендіңізді жалпақ елге таныту үшін қолданылады. Мыс; жаңа сусынның түрін кең аудиторияға таныстыру үшін Вирустық жарнама – бұл жарнаманың креативті бөлігі, бұл да жаңа бренд немесе тауарды таныстыру үшін қолданылады. Мыс; бәріміздің есіміздегі chocotravel Әлеуметтік жарнама – әлеуметтік желілердің көмегімен жасалатын жарнама, instagram, VK, Facebook, Одноклассники.ру осы әлеуметтік желілердегі арнайы тақырыптық топтардағы жарнама. Бұл құралды дұрыс қолдана білсек, берері көп, себебі мұнда бізге керекті ЦА (целевая аудитория) отырады. Мыс; гүл өсірушілердің тобына табиғи тыңайтқыштың жарнамасы керемет үйлеседі. E-mail жарнама – электронды поштаға жаппай жөнелту арқылы жасалады, бұл құралды қолданбас бұрын мүмкін (потенциальный) клиенттердің актуалды базасын жинап алған дұрыс.

---

Source: [https://yvision.kz/post/internet-zharnama-807345](https://yvision.kz/post/internet-zharnama-807345)