---
title: "Интернет-конференция"
description: "2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет іст..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-04T01:32:56+00:00"
modified: "2017-09-04T01:32:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/internet-konferenciya-777475"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/internet-konferenciya-777475/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Интернет-конференция

> 2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет іст...

2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/internet-konferenciya-777475](https://yvision.kz/post/internet-konferenciya-777475)