---
title: "ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР"
description: "Психологиялық айла-шарғыларды шебер пайдаланып, интернет технологияларды сенімді қолданып, адамдард..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-11-08T06:40:37+00:00"
modified: "2018-11-08T06:40:37+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/internet-alaya-tar-818860"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/internet-alaya-tar-818860/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР

> Психологиялық айла-шарғыларды шебер пайдаланып, интернет технологияларды сенімді қолданып, адамдард...

Психологиялық айла-шарғыларды шебер пайдаланып, интернет технологияларды сенімді қолданып, адамдардың сеніміне ие болып, қаскөйлер банк карталарынан ақша ұрлап отырған.

Полицейлер интернет-алаяқтардың белсенді жұмыс істеуі туралы ескертеді. Психологиялық айла-шарғыларды шебер пайдаланып, интернет технологияларды сенімді қолданып, адамдардың сеніміне ие болып, қаскөйлер банк карталарынан ақша ұрлап отырған.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы жедел уәкілдері интернет-алаяқтардың ақша жымқыру бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып әрекет ететіндері туралы айта кетті. Алайда, соңғы жылдары петропавлдықтардың сеніміне кіру үшін алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, жалға беретін пәтер иелері және жұмыс берушіміз деп таныстырады. Қылмыскерлердің бастысы мақсаты – банк карталарының нөмірі, SMS кодтар мен онлайн-банкинг парольдары сияқты жеке деректерді алу. Соңғы аптада алаяқтар бірде өздерін банктің қауіпсіздік қызметі қызметкері десе, енді бірде әлеуетті жұмыс берушіміз деп таныстырып, 6 қалалықтың карточкаларының дербес деректерін алып қомақты қаражатты жымқырған.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Асан Қайдаровтың айтуынша, қандай да бір жағдай болмасын өз карточкаларыңыздың нөмірін, жеке куәлігіңіздің нөмірін, сондай-ақ құжаттағы фотосуретіңізді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жіберуге болмайды. Интернетте алдын ала төлем жасау ұсынылған кезде, дұрысы, барлық ақпаратты бірнеше рет тексерген дұрыс. Жалпы, күмәнді мәміле жасамаған және әрдайым сақ болған жөн дейді.

Банк қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері полицейлердің сөзін қолдайды. Олар парольдарды, карточкалардың нөмірі мен кодтарын беруге үзілді-кесілді тыйым салынатындығын айтады. Мұны білетін алаяқтар түрлі айла-амалға жасауға барады.

«Мобильді телефонды, планшет пен компьютерді қолданған кезде келесі ережелерді ұстаныңыз: ешкімге, банк қызметкері болса да өзіңізді куәландыратын парольдарды, пин-кодтарды, банк карточкаларының кодтарын хабарламаңыз. Банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырса да ешкімге өз логиніңізді, пароліңізді айтпаңыз. Егер сізден операциядан бас тарту немесе жою үшін онлайн-банкингке кіруге пароль енгізуді сұраса, онда бұл әрекетке бармаңыз. App Store немесе Google Play дүкендерінен тек ресми банк қосымшаларын ғана пайдаланыңыз. Таныс емес ресурстардың сілтемесін баспаңыз», -дейді петропавлдық банктер бірінің ақпараттық қауіпсіздігінің жетекші инженері Алексей Логачев.

Қалалықтар мен қала қонақтарын интернет-алаяқтарының әрекеттері туралы ескерту үшін жедел уәкілдер адамдар көп жиналатын жерлер мен қоғамдық көліктерде профилактикалық ұсыныстар жазылған қағаздар жапсыруда. Сонымен қатар, алаяқтардан қорғану ережелері туралы әріптестеріңізге, туыстарыңыз мен көршілеріңізге айта жүруді өтінеді.

![ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/99a5817f7865a5a1244f030c29826b.jpg)

![ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/feb9e69a39a4e0cd1e260a68be2fe4.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/internet-alaya-tar-818860](https://yvision.kz/post/internet-alaya-tar-818860)