---
title: "Интернет"
description: "Жыр жазайын сайлап ап қалам, қолды, Интернетпен демеймін санам толды. Бес жыл бұрын кірмедім интерне..."
author: "Atymtayev91"
published: "2014-10-30T09:59:48+00:00"
modified: "2014-10-30T10:11:53+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/internet-436753"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/internet-436753/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Интернет

> Жыр жазайын сайлап ап қалам, қолды, Интернетпен демеймін санам толды. Бес жыл бұрын кірмедім интерне...

![Интернет](http://storage.yvision.kz/images/user/atymtayev91/GJIC0C8ofb7u4MQgOtm78h9iRl8JqG.png)

Жыр жазайын сайлап ап қалам, қолды,

Интернетпен демеймін санам толды.

Бес жыл бұрын кірмедім интернетке,

Бес жыл бұрын білмедім ғаламторды.

Интернетті болмайды жай ұғуға,

Күшін жетпес дертінен айығуға.

Ең бірінші дос қылған интернетпен,

Мың алғыс агент пенен майл.ру - ға.

Агент деген бұл күні суып қалды ә?

Ол жылдары кірмеуші - ек другтарға,

Ол кездері әр үйде интернет жоқ,

Барушы едік интернет клубтарға.

Жазайын мен өзімше ұтымды өлең,

Болу керек адамда күтім деген.

Агент бітіп, бір кірсен шыға алмайтын,

Одан кейін шықты ғой ВК деген.

Бір - бірімен сөйлесіп айыптасып,

Пікірлерін әр жерде жайып, шашып,

Отырады адамдар Вконтактеде,

Ұнаған суреттерге лайк басып.

Айналғандай леп - лезде егіс пұтқа,

Интернет тарап кетті тегіс жұртқа,

Көп кірмейді адамдар білуімше,

Тіркелгенмен шет елдік Фейсбукқа.

Біздер түгіл, Уилл Смиттер де,

Отырады екен ғой Твиттерде,

Твиттерге екі - үш күн кірмей қалсан,

Кім не жазды екен деп суыйд кеуде.

Отырамыз тағы да Инстада,

Кірсек те бірлік бітіп минустарға.

Керемет суреттерді көрген кезде,

Болмайды әдемі бір күй құшпауға.

Өмір сүрмейтіндей ғой ғалам оңсыз,

Көтерілмейтіндей ме бағаң олсыз?

Мүмкін емес шығар - ау адамдарға,

Елестету өмірді ғаламторсыз.

Интернет тауып берер керегінді,

Сен білмейтін жаңалық, дерегінді.

Керек кезде тек қана қолданайық,

Осылай деп достарға берем үлгі.

Болу үшін еліміз еңселі кең,

Интернеттін аспайық өлшемінен.

Интернетте отыру керек достар,

Уақытымен, әдебі, мөлшерімен.

Сайттарда отырайық талғамы дөп,

Кіре бермей сайттарға салмағы жоқ.

Өз басым ғаламторды ұнатамын,

Бес жылда интернеттен алғаным көп.

Бес жылда интернеттін бергені көп,

Интернетті қолдану ерге міндет.

Интернеті тез, жылдам істеп тұрған,

Әрқашан болу керек елге құрмет!

Интернетті кәрі - жас, бәрі үйренсін,

Барлық қырын желінің тани берсін.

Құтты болып бақандай бес жылдығы,

Билайн интернеті дами берсін!

---

Source: [https://yvision.kz/post/internet-436753](https://yvision.kz/post/internet-436753)