---
title: "ІЛГЕРІ БІР БАСПАҒАН ІСҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ НЕ КЕДЕРГІ?"
description: "Қазақ тілінің бүгінгі қолданысының дамуы жедел, келешегі кемел болмай тұрғандығын айта-айта айналада..."
author: "makala"
published: "2014-09-15T06:55:16+00:00"
modified: "2014-09-15T06:55:16+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ilgeri-bir-baspa-an-is-a-azdardy-aza-tilinde-zh-rgiziluine-ne-kedergi-429677"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ilgeri-bir-baspa-an-is-a-azdardy-aza-tilinde-zh-rgiziluine-ne-kedergi-429677/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ІЛГЕРІ БІР БАСПАҒАН ІСҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ НЕ КЕДЕРГІ?

> Қазақ тілінің бүгінгі қолданысының дамуы жедел, келешегі кемел болмай тұрғандығын айта-айта айналада...

Қазақ тілінің бүгінгі қолданысының дамуы жедел, келешегі кемел болмай тұрғандығын айта-айта айналадағы елдерден ұят болды. Мемлекеттік тілдің өз деңгейінде мәртебе ала алмай отырғандығын қоғамдағы болып жатқан әр істен аңғаруға болады. Бүтіндей бір мемлекет ретінде іркілген тұсымыз осы болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілді өңірлердегі іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруді тапсырғалы қашан.

![ІЛГЕРІ БІР БАСПАҒАН ІС](http://static.nmn.kz/images/w400/media/upload/258/2014/09/11/fea505e4e0f70f110dd5460c7f636666.jpg)

«Қазір қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшу керек. Бізде қазақ тілін меңгерген халқы аз өңірлер бар, бұл жерлерде екі тілді саясат сақталуға тиіс, алайда қазақтілді халқы басым ауылдарда іс жүргізуді қазақ тілінде енгізе аламыз», – деген еді Елбасы біраз жыл бұрын. Қазақ тілінің қол­данысы ісқағаз жүзінде де толыққанды жүргізіліп отырмағандығын әркім біледі. За­манында Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды», – деп дабыл қаққан еді. Оны қолға алудың сәтін күткеннен басқа амал қалмағандай. Өйткені қазақ тіліндегі ісқағаздардың жүр­гізілуі мекемелердің (мемлекеттік, жекеменшік) ұятына байланысты болып отыр. Бір қайғысын қозғасаң, мың қайғысы шығатын ісқағаздардың қазақ тіліндегі қолданысы ең алдымен маман тапшылығының жоқтығы, одан қала берді ЖОО-да аталмыш салаға қатысты пәннің жаппай оқытылуына жағдайдың жасалмауында болып отыр. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4027-ilgeru-bir-baspagan-iskagazdardyn-kazakh-tilinde-jurgiziluine-ne-kedergy))

---

Source: [https://yvision.kz/post/ilgeri-bir-baspa-an-is-a-azdardy-aza-tilinde-zh-rgiziluine-ne-kedergi-429677](https://yvision.kz/post/ilgeri-bir-baspa-an-is-a-azdardy-aza-tilinde-zh-rgiziluine-ne-kedergi-429677)