---
title: "IITU Robocon Games 2016"
description: "22 қазанда IITU Robocon Games байқауы болып өтті.Чемпионат оқушылар арасында екінші мәрте өтуде. Алм..."
author: "MON_RK"
published: "2016-10-28T05:06:05+00:00"
modified: "2016-10-28T05:06:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/iitu-robocon-games-2016-722162"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/iitu-robocon-games-2016-722162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# IITU Robocon Games 2016

> 22 қазанда IITU Robocon Games байқауы болып өтті.Чемпионат оқушылар арасында екінші мәрте өтуде. Алм...

22 қазанда IITU Robocon Games байқауы болып өтті.Чемпионат оқушылар арасында екінші мәрте өтуде. Алматы мектептерінен 15 үздік топ қатысты. Алдын ала дайындалуға оқушыларға бес ай уакыт берілді.

![IITU Robocon Games 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/l8C3OtzRF9o3GOYnilN29KM66q69M3.jpg)

IITU Robocon Games байқауын Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Чемпионаттың бас демеушісі Chevron компаниясы.

Чемпионат дарынды жастарға мүмкіндік берумен қатар Қазақстанда робототехниканың дамыуна ықпал етеді. Конкурс нәтижесі бойынша 1-ші орынды химия және биология бағытында Назарбаев Зияткерлік мектебі, 2-ші орынды физика және математика бағытында Назарбаев Зияткерлік мектебі, ал 3-ші орынды Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп иеленді.

![IITU Robocon Games 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/ngcsg64p8HrYwx41KIg01QNhZU13pg.jpg)

Чемпионат жеңімпаздарына сыйлыққа ноутбук, планшет, квадрокоптер және Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетінің гранттары мен оқу жеңілдіктері берілді.

[https://www.youtube.com/watch?v=viRB8Mg_OEo](https://www.youtube.com/watch?v=viRB8Mg_OEo)

---

Source: [https://yvision.kz/post/iitu-robocon-games-2016-722162](https://yvision.kz/post/iitu-robocon-games-2016-722162)