---
title: "I am coming home — каВка version"
description: "Таныс көше, таныс шарбақ,таныс үй. Әр адым сайын балалықтың балғын сәттерінен жадымда қалған жарқын ..."
author: "kavkayeva"
published: "2016-12-11T10:08:46+00:00"
modified: "2016-12-11T10:08:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/i-am-coming-home-kavka-version-736310"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/i-am-coming-home-kavka-version-736310/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# I am coming home — каВка version

> Таныс көше, таныс шарбақ,таныс үй. Әр адым сайын балалықтың балғын сәттерінен жадымда қалған жарқын ...

Таныс көше, таныс шарбақ,таныс үй. Әр адым сайын балалықтың балғын сәттерінен жадымда қалған жарқын естеліктер жарқ етуде. Біраз уақыт бойы көрмеген таныс жерлер, сезілмеген жұпар иістер, айтылмаған жылы сөздер. Айналаға жалтаңдап, сағынышымның сары шерін баса алмай біраз алаңдап түрдым. Менің қатысуымсыз белең алған толассыз өзгерістердің саны біршама. Осынау маған бейтаныс өзгерістерге оранған «туған» үйде 1 минутқа өзімді жатжерліктей сезіндім. Қуаныштысы – тек 1минутқа ғана. -Татееееее! Алыстан айғайлап, жүзінде күлкісі бал-бұл жайнап балғын балақай құшағын айқара ашып, маған қарай ентіге жүгіріп келді.Жатжерлікке балаған ордам өлең төсегім екенін осы бір жылы сөзден кейін сезіндім. -Қалайсың қызым?Аман-есен жеттің бе? Толассыз қаптаған өзгерістер арасынан мейірімі мол, құшағы ашық,жүрегі дархан ата-ана махаббатының сол қалпы өзгермегенін сезіндім. Чемоданды қалдыр. Үйге кір! Бауыр ет бауырымның біраз уақыттан бері тек көгілдір экранның ар жағындағы мені көріп, скайппен тілдесіп, телефонмен үндесіп, шыр шерткен сағынышының жылы лебін сезіндім. Асыға күтіп алаңдаған, құшақ жая қарсы алған жанға жақын тартар жандардың қасында ҮЙДЕ екенімді сезіндім.

---

Source: [https://yvision.kz/post/i-am-coming-home-kavka-version-736310](https://yvision.kz/post/i-am-coming-home-kavka-version-736310)