---
title: "HTC One X+ смартфонына шолу"
description: "Бұл мақала One X смартфонының орнына келген HTC компаниясының One X+ смартфоны жайлы болады. Әрине б..."
author: "toiguliyev"
published: "2013-03-11T13:30:01+00:00"
modified: "2016-04-11T14:12:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/htc-one-x-smartfonyna-sholu-341603"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/htc-one-x-smartfonyna-sholu-341603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# HTC One X+ смартфонына шолу

> Бұл мақала One X смартфонының орнына келген HTC компаниясының One X+ смартфоны жайлы болады. Әрине б...

Бұл мақала One X смартфонының орнына келген HTC компаниясының One X+ смартфоны жайлы болады. Әрине бұл қазір флагман емес, және бұл өнімнен де жақсы өнімдер қаптап кетті. Онымен қоса HTC өзі "[Butterfly](http://smartshop.kz/smartphone/htc-butterfly)" атты смартфонын шығарып үлгерді. Бірақ, егер сіз бағасын қарайтын болсаңыз, әбден алуға тұрарлық. Ал сипаттамалары таң қаларлық. Ең басты бәсекелесі **Samsung Galaxy S III**, өзінің сипаттамалары және бағасы жағынан **One X+** смартфонына қатты ұқсайды. Сол себепті осы екі смартфонды салыстырып өткеніміз жөн болар. Бірден айта кетейін, бұл постта толық шолу жасамаймын, себебі бұл өнім жайлы ғаламторды ақпарат толып жатыр. Мен тек ең маңызды жердерін көрсетіп өтемін.

**Техникалық сипаттамасы және құрамы**

HTC One X+
Samsung Galaxy S III

![Kindle_Touch.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/egREd2Z9Iz8PcHsyJaqQjkfXQ7z9AO.jpg)

![HTC One X+ смартфонына шолу](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/2PnWoE79fHQOb2oX34ry47yclj2270.jpg)

Форм-фактор
моноблок
моноблок

Операциялық жүйесі
Android 4.1 Jelly Bean
Android 4.0, обновление до 4.1

Процессоры
NVIDIA Tegra 3 AP37 (4 ядролы), жиілігі 1.7 ГГц, графика ULP GeForce 2
Exynos 4412 (4 ядролы), жиілігі 1.4 ГГц, графика Mali-400MP

Жады
1 ГБ жедел жады, 32/64 ГБ орнатылған жады, кеңейтуге мүмкіндік жоқ
1 ГБ Жедел жады, 16/32/64 ГБ орнатылған жады, +microSD (до 64 ГБ)

Байланыс түрлері
GSM/GPRS/EDGE, UMTS, HSPA
GSM/GPRS/EDGE, UMTS, HSPA

Wi-Fi
Бар
Бар

Дисплей
Super LCD2, диагоналі — 4.7 дюйм, кеңейтілімі — 720х1280
Super AMOLED, диагоналі — 4.8 дюйм, кеңейтілімі — 720х1280

Интерфейстері
USB 2.0, HDMI, Bluetooth 4.0, GPS/ГЛОНАСС, NFC
USB 2.0, HDMI, Bluetooth 4.0, GPS/ГЛОНАСС, NFC

Камера

Баста камера — 8 Мп, автофокус, FHD-видео;

Алдыңғы камера — 1.6 Мп, HD-видео

Баста камера — 8 Мп, автофокус, FHD-видео;

Алдыңғы камера — 1.9 Мп, HD-видео

Аккумулятор
Li-ion 2100 мАч
Li-ion 2100 мАч

Қосымша
интерфейс HTC Sense 4+, micro-SIM, акселерометр, радио
micro-SIM, акселерометр, радио

Өлшемі және салмағы
134.4 x 69.9 x 8.9 мм, 135 г
136.6 x 70.6 x 8.6 мм, 133 г

Бағасы
орташа бағасы - 99900 тг
орташа бағасы -  95900 тг

**Дизайн және жинақтамасы**

Жеке менің өзіме ұнағаны, ол әрине - дизайн. Дизайн өте керемет жасалынған. Қара түстің үстінен қызыл жолақтар өзіне бір артықшылық және қымбаттық қасиет береді. Дизайн жағынан iPone 5 тен қалмайды дер едім. Бірақ әркімге, әр қалай. Кейбір адамдарға сырты жылтыр болған ұнайды. Өздеріңіз фотолардан қарап бағасын берерсіз.

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/7gEg4MLe8b2w0LrQAYPAY5863eWC6m.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/cN5mNnM4t8WqHWe4ro1LAY888IopL9.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/ZcbZdJkf8l0zgsrgE0Br5j9gG5QkKn.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/bJLVOnUNF6lnk4bBj3qWhWvW5n4rXW.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/Q3jZgePr50GC3iB9YcSKrFO6XkO5h9.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/31OSp1AtqwE04Ko8LuWl0pep4Yzt3F.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/6YZ5T17YSk2rIUMf1786hhLnaZiIbi.jpg)

Дизайн міне осындай. Айта кететін бір нәрсе, **Beats Audio** жүйесі. Қорабында түрі арзан көрінетін құлаққап бар, бірақ түрі олай болғанымен сапасы өте жоғары. Және Beats жүйесі тек құлаққап қосылған кезде ғана жұмыс істейді. Ал жинағындағы ең басты кемшілік қызқа USB кабель (қуат алу көзіне қосқан кезде). Қысқа болғандықтан біраз ыңғайсыздық тудырады. Маған зарядтаушы қондырғының ұзын болғаны ыңғайлы көрінеді.

**Өнімділігі және жұмыс ісеу уақыты**

One X+ смартфонында 1,7 ГГЦ жиілігті, 4 ядролы NVIDIA Tegra 3 AP37 процессоры орналасқан. Аппарат өте жылдам жұмыс ітсейді. Google Play дүкенінде бар барлық ойынды ойланбай көтереді. Бенчмарк көрсеткіштері төмендегідей:

Antutu Benchmark көрсеткіші
Quadrant Benchamark көрсеткіші

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/bz6JkDOsZg3dRBf0tsYX7m7JNjETAH.png)

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/yrTcTNS5ek7HNT7JfHW02yO9kkLk48.png)

Ал жұмыс істеу уақыты, алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда, артық. Оның басты себебі жаңа технологиямен жасалынған процессор, үйлесімді жасалынған ОЖ және батарея сыйымдылығы артқандықтан. Смартфон орташа жүктілікпен жұмыс жасаған кезде, шамамен бір күнге жетеді. Ал егер үздіксіз ойнайтын болсаңыз, әрине жұмыс істеу уақыты біразға қысқарады.

**Интерфейс және бағдарламалық жасақтама**

One X+ жоғарыда айтқан жаңартылымдарынан басқа, қолданушы интерфейсі HTC Sense 4+ - де жаңарды. Бұл жаңартылым энергия үнемдеу және және де кішігірім жақсартулар алып келді.

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/oBkMEkSS1L3xsiajVoO4UQwr813f0J.png)

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/8JAL663WEnYCqE2L58Ibxn6C3v0Xy0.png)

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/30X8CF6s2JdHJkFheU75QlLSdqbu1o.png)

![HTC One X+ смартфонына шолу](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/toiguliyev/z24q302Bp5QAgWR5W17AxQEDPaumY5.png)

**Экран және Камера**

Камера ешқандай өзгеріске ие болмады. Дәл One X секілді 8Мп. Бірақ өзгерісті қажет етпейді де. Заман талабына сапасы толығымен жауап береді.

Дисплей кеңейтілімі 720х1280 және диагоналі 4,7 дюймде орнатылған матрица **Super LCD2**. Көру бұрышы максимумға өте жақын. Экрандағы бейне еш өзгермейді.

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/ZEhZ158wmjv9zQILFvGUYq0CNFLWGA.jpg)

**Сыртқы дизайнын салыстыру**

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/1gQ961m9mGBsUI8Iuc7npDjzhyNR7e.jpg)

![Photo by @toiguliyev](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/mH385G0Olk9jsAGgg4H1n9K8BY76r2.jpg)

Сол жақтан бастап: **Galaxy Note II**, **HTC One X+**, **Google Nexus 4**. Егер де Note II және Nexus 4 өнімдеріне шолу көргілеріңіз келсе, пікірде жазып қалдырыңыз.

Дизайн жағынан айту қиын, әрқайсысынің өзінің артықшылықтары бар. Және бағалары шамамен бір деңгейде.

**Үкім**

Бір апта қолданып, кемшілігін әбден іздедім. Кемшілігі өте аз болып шықты, тек зарядтаушы қондырғысы және, Android ОЖ-лерінің ең басты мәселесі, жұмыс істеу уақыты. Басқа жағынан өте керемет смартфон. Бағасы, жаңа флагман шыққандықтан, біраз түсті. Осыған орай міндетті түрде алған жөн деп ойлаймын.

Неге "+"? Бұл өзі жеке жоба деп айту қиын. Дәлірек айтқанда One X өнімінің қателерін дұрыстап шығарған болу керек. Сол себепті "+" қосып қана шығарды.

Егер сұрақтарыңыз болса, немесе басқа да нәрселерді білгілеріңіз келсе, әдеттегідей пікір жазу арқылы білдіріңіз. Міндетті түрде жауап беремін.

- Алуға болады ма?

- Әрине болады!

(с) Alisher Toiguliyev [SmartShow](http://yvision.kz/smartshow/)үшін

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін [SmartShop.kz](http://smartshop.kz/) интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/htc-one-x-smartfonyna-sholu-341603](https://yvision.kz/post/htc-one-x-smartfonyna-sholu-341603)