---
title: "He деген керемет күн"
description: "Жаныда бәрі даяр не керектің: Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны, Естіледі ұшқаны көбелектің. He деген ке..."
author: "Anuarbek"
published: "2018-02-06T09:42:25+00:00"
modified: "2018-02-06T09:42:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/he-degen-keremet-k-n-795520"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/he-degen-keremet-k-n-795520/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# He деген керемет күн

> Жаныда бәрі даяр не керектің: Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны, Естіледі ұшқаны көбелектің. He деген ке...

Жаныда бәрі даяр не керектің:

Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,

Естіледі ұшқаны көбелектің.

He деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Дала бір рахатта,

Дел-сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан,

Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күңнің алтын табағынан.

Сусындап көк аспанның шанатынан,

Шарықтап шыңырауда ана-қыран;

Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,

Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.

He деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби-дүние.

Келеді өміріңді бере кеткің...

---

Source: [https://yvision.kz/post/he-degen-keremet-k-n-795520](https://yvision.kz/post/he-degen-keremet-k-n-795520)