---
title: "ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1-мамыр ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-04T05:31:07+00:00"
modified: "2016-05-04T05:31:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/haly-tar-dosty-y-691899"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/haly-tar-dosty-y-691899/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1-мамыр ...

![ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/64TA9At49NuVR1e7tZ7EO76Mo2IEBH.jpg)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Орал қалалық білім беру бөлімінің №19 ЖОББМ негізінде «Халықтар достығы» тақырыбында мектепшілік шара өткізілді. Шараның мақсаты оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылады.

Іс**-**шара басталмас бұрын жоғары сынып оқушылары Департамент өткілі Е.Төлепқалиевті қырғыз, өзбек, корей, грузин, тәжік, орыс, украин ұлттық тағамдармен таныстырды.

Кейін шаралар тәрбие сағатымен жалғасып, онда оқушылар әр түрлі ұлт тілінде сәлем беріп, "Халықтар достығы бірлікте", "Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елім бар", "Ынтымақ-достық кепілі" тақырыптарында ұран сөздер тастады.

Сонымен қатар, оқушылар әр түрлі тақырыптық жұмбақтарға жауаптар беріп, пікір алмасты.

Сабақты қорытындылай келе Департамент өкілі Е.Төлепқалиев жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға алғысын білдіріп, оқушыларға әр уақытта өз елінің патриоты болуға және адалдық, шыншылдық және бірлік қасиеттерін бірінші кезекте ұстауға шақырды.

![ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/0s50ZQrFDaStxIQYmj2EU5CIAX0pLg.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/haly-tar-dosty-y-691899](https://yvision.kz/post/haly-tar-dosty-y-691899)