---
title: "Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семейге» 35..."
description: "28 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары, дәрігерлері, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар жастардың қатысуымен өтті. Семей полигоны..."
author: "usergoogle117727473235744737624"
published: "2024-04-20T16:43:36+00:00"
modified: "2024-04-20T16:46:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/haly-araly-antiyadroly-oz-alys-nevada-semeyge-35-zhyl-1003758"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/haly-araly-antiyadroly-oz-alys-nevada-semeyge-35-zhyl-1003758/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семейге» 35...

> 28 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары, дәрігерлері, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар жастардың қатысуымен өтті. Семей полигоны...

28 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары, дәрігерлері, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар жастардың қатысуымен өтті. Семей полигоны әлемдегі алғашқы ядролық полигон болды, соның жабылуына мұрындық болған "Невада-Семей" қозғалысы өз бастауын ұлы тұлға, ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың бастамасымен 1989 жылы 28 ақпанда құрылып, Қазақстандағы ең алғашқы қоғамдық ұйым болып "0001"нөмірімен тіркелген. Аталмыш іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Невада-Семей жастар ұйымының төрағасы Танабекова Гульжанат Бақытқызы баяндама жасап, ардагерлердің ерен еңбектерін атап өтті. Қазақстанның жастары осы бастаманы қолдауларын өтінді. Сонымен қатар, 2024 жылғы 26 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Невада-Семей" жастар ұйымының төрағасы, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Танабекова Гульжанат Бакытовна мен "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының ардагерлері Алматы қаласының өңірлік коммуникация орталығының алаңында брифинг өткізді, онда қозғалыстың қызметі мен жоспарлары, сондай-ақ планетаның тұрақты бейбіт дамуы үшін антиядролық қозғалыс идеяларын іске асырудағы жастардың рөлі туралы мәселелер талқыланды. 27 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада- Семейдің» 35 жылдығына арналған семинар өткізді! Семинар барысында «Полигон» фильмі көрсетіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Невада-Семей қозғалысының жастар ұйымының қызметі мен миссиясы талқыланды. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстыңғаламшардағы ең беделді және бітімгершілік жолындағы тиімді қозғалыстың бірі болып табылады. Жер бетінде полигондар тұрған кезде «Невада-Семей» қозғалысы өз жұмысын тоқтатпайды.

Мақала авторлары Танабекова Г.Б., Керимкулова А.Б.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/560937/df224ca412f29e10665ba2a6b0b6b4.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/haly-araly-antiyadroly-oz-alys-nevada-semeyge-35-zhyl-1003758](https://yvision.kz/post/haly-araly-antiyadroly-oz-alys-nevada-semeyge-35-zhyl-1003758)