---
title: "ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА"
description: "Бүгін жұмыс барысымен ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Сне..."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-08-21T11:31:37+00:00"
modified: "2021-08-21T11:31:37+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/haly-alaulysy-tas-alada-945675"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/haly-alaulysy-tas-alada-945675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА

> Бүгін жұмыс барысымен ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Сне...

Бүгін жұмыс барысымен ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна Валерьевна жұмыс барысымен келді.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/728731191c418923b1e298d0b2be07.jpg)

Тасқала ауылына арнайы ат басын бұрған депутатты «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева және сол ауылдың әкімі Гульжан Мухамбеткалиева қарсылап алды. Ең алдымен инвестициялық жобасы аясында құс фабрикасының өкілдерімен кездесіп, Тасқала ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шукуров жалпы өндірістің мән жайымен таныстырды.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/48590a764b75263792474f08549d22.jpg)

Сайлауалды бағдарламасы бойынша Тасқала аудандағы жұмыссыздық мәселесін талқылау мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығына барып қызметкерлерімен кездесті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтәк бағдарламалар бөлімінің басшысы Кентогаева Батима биылғы атқарылған жұмыстар туралы және грант мәселесі бойынша мәліметтер берді. Жұмыс барысында жас отбасы ретінде грант иегері С.Мусралиева ашқан «Дияр» балалар ойын-сауық орталығымен танысты.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/87ef39c41d9041f34ee36a88bbf0f3.jpg)

Мәжіліс депутаты «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар көшелердің жол, жарықтандыру, Деркул өзенінің мәселесі, өзенді тазалау бойынша талқыланды.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/eec8c440954f8c181cb52a600afa48.jpg)

Мәжіліс депутаты С.Имашева қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындары көп қабатты үйлердің тозғаны туралы соларға жаңарту жұмыстары бойынша сұрақтар қойылды.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/09604529406556879b60d9a3fe936f.jpg)

Канвассинг шарасы аясында зейнеткер еңбек ардагері Бактыгерей Зинешұлы Каиргалиев үйіне барып қал жағдайын сұрастырды. Партия ардагері ауылдың халқына ортақ қос мәселесі жарық желісінің сымдарының тозғандығы, су тарифының қымбаттауы, осы мәселелерді атқарушы билікке жеткізуін сұрап, кетер кезде жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/88b3824eaad17e766b7fde4d94f198.jpg)

Аудан филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы, атқарылып жатқан жұмыстары, орындалмай қауппі бар жұмыстары, жастардың уақытын тиімді пайдалануы және жастарды қолдау, отбасын жағдайлары бойынша жұмысшы топ құрылғандығы туралы, білім саласы бойынша сұрақтарға Мәжіліс депутаты Снежанна Валерьевна жауап беріп, алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша жұмыстанатынын айтты.

![ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТАСҚАЛАДА](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/6efda0d1aea17fcea3d453a908f148.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/haly-alaulysy-tas-alada-945675](https://yvision.kz/post/haly-alaulysy-tas-alada-945675)