---
title: "Hack Day 2016"
description: "https://www.youtube.com/watch?v=PgmJ_fXfsOg «Hack Day» - өз жобаңды бір тәулікте жүзеге асыру үшін..."
author: "AiymBoltaeva"
published: "2016-05-05T00:25:00+00:00"
modified: "2016-05-06T07:11:43+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/hack-day-2016-691201"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/hack-day-2016-691201/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Hack Day 2016

> https://www.youtube.com/watch?v=PgmJ_fXfsOg «Hack Day» - өз жобаңды бір тәулікте жүзеге асыру үшін...

![Hack Day 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/aiymboltaeva/4X3TNqWMQkC0Z2Lq1A2S75WVJCZqJy.jpg)

https://www.youtube.com/watch?v=PgmJ_fXfsOg

«Hack Day» - өз жобаңды бір тәулікте жүзеге асыру үшін таптырмас мүмкіндік, әрі ең үздік идея иесіне шараның бас демеушісі Samsung сыйлықтар ұсынады. Ол үшін сен өз шығармашылық тобынды жинап, 7 секцияның біріне тіркелуін керек. Ал егер сенде команда жоқ болса, ол да қиындық емес, сен дәл шараның барысында өз команданды жинай аласын. Hack Day-ге мектеп оқушысынан бастап, ірі компания жұмыскерлеріне дейін қатыса алады. Ең бастысы жобаны 24 сағатта жүзеге асыру керек.

![Hack Day 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/aiymboltaeva/ELI8Ew7O7H2G3h92pA9nmK6LwBJyZi.jpg)

Жыл сайын қатысушылар саны артуда, мәселен, 2015 жылы шараға 1200–ге жуық талапкерлер қытысса, 2016 жылы 2500-ден аса адам тіркеліп, 700-ден аса проектерді ұсынған. Оның ішінде ең көп жоба «Кино и Видео» (185), ал ең азы осы жылы ғана еңгізілген «Smart Tech & Solutions» секциясында болған. Одан басқа: Информационные технологии, Мобильные приложения, Контент и медиа, Фотография, Дизайн и анимация сияқты секциялар да бар.

![Hack Day 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/aiymboltaeva/hiEtvSz8DvNZ5kO8M11oGH4ptL39ca.jpg)

Шараның өту ретіне тоқталатын болсақ сағат 9:00–де тіркелу басталды, содан кейін Almaty Towers мекемесіндегі Grand Hall залында ашылу рәсімі өтті. Сағат 12 дегі түскі астан кейін, қатысушылар бағытын өз секцияларына алып, Мәскеудің немесе Өз еліміздің танымал қонақтары дайындаған тапсырманы тыңдауға кірісті. Кешкі ас бітісімен, әр топ жұмысына кірісті. Енді бірі Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде жұмыс істесе, екіншілері Алматы Тауэрсте түні бойы жобасын ұштастырды.

Келесі күні түске дейін құжаттарын өткізіп, түстен кейін жобасын әділ қазылар алқасына таныстырды. Ал кешке жеңілпаздарды марапаттап, үздік жобаларды көпшілікке жариялады.

![Hack Day 2016](https://storage.yvision.kz/images/user/aiymboltaeva/oSOPpbUXa1Z5R0B9dr9fICPyfw0SYM.jpg)

Мен өзімнің тобыммен Кино және Видео секциясына қатыстым, біз анамның айтқан жалған сөздері деген кішігірім кино түсірдік. Мағынасы өте ауыр болғанымен залдағы көріп отырған адамдарға әсер қалдырдық деген ойдамыз. Бірақ өкінішке орай жеңілпаздар қатарына ілінбедік. Мен барлық қатысушылардың видеоларын бастан аяқ көріп шықтым, 185 видеонын ішінен ұнағанын бес саусақпен ғана санауға болады. Мағынасы жоқ, үстіртін түсірілген, көбісі жәй қалжынға жүктелген бір көрер бейнероликтер 100 асты. Бірақ бұл тек менің пікірім. Ал келесі жылғы қатысушыларға айтарым, видео түсірмес бұрын мағынасына мән беріңіз, себебі сізді кем дегенде 2000 адам көреді. Және сапасыз жұмысты ұсынар алдында, біреудін уақытын алып отырмын–ау деген ой жаныңызда болсын.

Оған керісінше, самсунгке промо түсірген достарыма ризамын, әр детальді ойластырып, ақылмен жасаған, балет бишісінің қимылын көркем, есте сақталатындай таспаға түсірген. Ал сурет секциясында бір тамшы су арқылы бар қаланы көру бір ғанибиет. Тіпті өз қолымен аквариум құрастырып, соның ішіндегі самсунгті суретке түсірген. Осындай сапалы жұмыс жасайтын қатысушылармен қарсылас болған да мақтаныш! Тек қана өз ісін білетін топтар hack day жобасында көбірек болса ғой....

https://www.youtube.com/watch?v=PgmJ_fXfsOg

---

Source: [https://yvision.kz/post/hack-day-2016-691201](https://yvision.kz/post/hack-day-2016-691201)