---
title: "ХАБАРЛАНДЫРУ"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-11T02:04:19+00:00"
modified: "2017-10-11T02:04:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-781245"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-781245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХАБАРЛАНДЫРУ

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 1.8 - тармағын орындау мақсатында **2017 жылдың қазан айының 5-30 күндері** аралығында **мәдениет, спорт және ақпарат саласында** *(БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, БҚО ішкі саясат басқармасы қызметтерінде)* сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.

Осыған орай, жоғарыда аталған басқармалар қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту туралы ұсыныстарыңыз болған жағдайда, **2017 жылдың 25 қазанына дейін** [anticorruptionzko@mail.ru](mailto:anticorruptionzko@mail.ru) электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

---

Source: [https://yvision.kz/post/habarlandyru-781245](https://yvision.kz/post/habarlandyru-781245)