---
title: "Хабарландыру"
description: "2017 жылы 16 мамырда Қостанай қаласы, Әл-Фараби к-сі, 48 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Март» ойы..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-05-12T05:02:56+00:00"
modified: "2017-05-12T05:02:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-766471"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-766471/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хабарландыру

> 2017 жылы 16 мамырда Қостанай қаласы, Әл-Фараби к-сі, 48 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Март» ойы...

![Хабарландыру](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/zMB6wvccoiwIl11VQlEbhaz3L7yqxy.png)

2017 жылы 16 мамырда Қостанай қаласы, Әл-Фараби к-сі, 48 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Март» ойын-сауық орталығының 1 қабатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен өткізілетін азаматтарды қабылдау өтеді. Департаменттің мамандары барлық тілек білдірушілерге келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
- Зейнетақыны тағайындау тәртібі;
- Республикалық бюджет қаражатынан жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
- Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
- 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу тәртібі;
- Мүгедектікті белгілеу;
- Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
- Мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру.

Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз!

---

Source: [https://yvision.kz/post/habarlandyru-766471](https://yvision.kz/post/habarlandyru-766471)