---
title: "Хабарландыру"
description: "2017 жылы 11 мамырда Қостанай қаласы, Абай к-сі, 34 А үй мекенжайы бойынша орналасқан «Емшан» ойын-..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-05-09T23:28:49+00:00"
modified: "2017-05-09T23:28:49+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-766199"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-766199/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хабарландыру

> 2017 жылы 11 мамырда Қостанай қаласы, Абай к-сі, 34 А үй мекенжайы бойынша орналасқан «Емшан» ойын-...

![Хабарландыру](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/GNu5C6pB8GKyogL84702aKmFekBMjq.png)

2017 жылы 11 мамырда Қостанай қаласы, Абай к-сі, 34 А үй мекенжайы бойынша орналасқан «Емшан» ойын-сауық орталығының 2 қабатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен өткізілетін азаматтарды қабылдау өтеді. Департаменттің мамандары барлық тілек білдірушілерге келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
- Зейнетақыны тағайындау тәртібі;
- Республикалық бюджет қаражатынан жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
- Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
- 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу тәртібі;
- Мүгедектікті белгілеу;
- Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
- Мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру.

Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз!

---

Source: [https://yvision.kz/post/habarlandyru-766199](https://yvision.kz/post/habarlandyru-766199)