---
title: "ХАБАРЛАНДЫРУ!!!"
description: "2015 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-03-31T23:02:53+00:00"
modified: "2015-03-31T23:02:53+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-487130"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/habarlandyru-487130/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

> 2015 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық...

2015 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысы өтті.Аталған отырыста бос лауазымдарға орналасуға ниет білдірген конкурс қатысушыларының құжаттары белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралды.Отырыс қорытындысы бойынша конкурсқа қатысуға құжаттар тапсырған 9 үміткер конкурстың келесі кезеңі – әңгімелесуден өту үшін жіберілді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін үміткерлер болған жоқ.

![ХАБАРЛАНДЫРУ!!!](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/anticorruption_tz/ZXZA4e4W76G77UlUgKR6Z5l5le69u2.png)

Әңгімелесу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің ғимаратында төмендегі тіркелген кестеге сәйкес Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, бұр. №40 үй мекенжайы бойынша өткізіледі. 2015 жылғы 31 наурыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға, конкурстық комиссиясының (бұдан әрі-Комиссия) қорытынды отырысы өтті. Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия бос лауазымдарға орналасуға оң қорытындысын алған 3 кандидатқа қатысты шешім қабылдады. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне Комиссиямен кандидатуралы ұсынылған жоқ. ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІ: ішкі бақылау қызметінің консультанты (С-О-4) – Елеусінов Бақытбек Ыбрайұлы; Т.РЫСҚҰЛОВ АЙМАҒЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ: консультант (С-О-4) - Куандыков Нуржан Жамбылович; ҚОРДАЙ АЙМАҒЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ: консультант (С-О-4) - Тлеукул Әуелбек Баиғалиұлы

---

Source: [https://yvision.kz/post/habarlandyru-487130](https://yvision.kz/post/habarlandyru-487130)