---
title: "Хабардар бол, жолаушы!"
description: "Үнемі автобусына асығып жүретін Алматы жолаушыларының құлағына алтын сырға! Енді 21:00 ден кейін авт..."
author: "Kalkamanova"
published: "2014-11-13T13:18:29+00:00"
modified: "2014-11-13T13:18:29+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/habardar-bol-zholaushy-439472"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/habardar-bol-zholaushy-439472/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хабардар бол, жолаушы!

> Үнемі автобусына асығып жүретін Алматы жолаушыларының құлағына алтын сырға! Енді 21:00 ден кейін авт...

Үнемі автобусына асығып жүретін Алматы жолаушыларының құлағына алтын сырға! Енді 21:00 ден кейін автобустардың тоқтап қалу мәселесіне қобалжымауларыңызға әбден болады! Неге деген сұрақ туындайды бұл жерде..

Тоқтаусыз кимыл – қозғалысы мен күрбең тіршілігі тән әсем қаламыздың түңгі өміріне де ерекше көңіл бөлінсе керек. № 3 –ші экспресс бағытты 2 түңгі автобус мына бағытта жолаушыларды тасымалдайды: Әуежай – Майлин к – сі, Хмельницкий к – сі, Сүйінбай к – сі бойынша, «Гостиный двор» арқылы Фурманов к – сімен, Абай к – сі және Орталық Алаңға дейінгі бағытты камтиды. Соңғы аялдамалар: «Орбита 2,4» шағын ауданы – «Алматы» әуежайы, «Алматы» әуежайы – « Орбита 2,4» шағын ауданы.

Жұмыс уақыты: 22:00- 06:00

Жүру интервалы: 45 минут

Құны: 200 теңге. (жеңілдіктер жоқ)

![Хабардар бол, жолаушы!](https://storage.yvision.kz/images/user/kalkamanova/bMGvA8tmMf3s6Tf927bPyEOew8QVag.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/habardar-bol-zholaushy-439472](https://yvision.kz/post/habardar-bol-zholaushy-439472)