---
title: "Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У"
description: "Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 27 ақпан..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-02-27T06:52:37+00:00"
modified: "2017-02-28T05:18:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/h-a-b-a-r-l-a-n-d-y-r-u-758069"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/h-a-b-a-r-l-a-n-d-y-r-u-758069/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

> Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 27 ақпан...

Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 27 ақпан – 25 мамыр аралығында ***«Есірткісіз болашақ»*** тақырыбында *«Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының сыйлығына»* Қызылорда облысы көлемінде теледидар, радио және баспасөз тілшілері арасында жыл сайын өткізілетін есірткіге қарсы үздік репортаж және мақала сайысы жарияланды.

Сайыс мақсаты – Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру.

**Қойылатын талаптар:**

**Тележурналистер:**

1) **2017 жылғы 27 ақпан – 25 мамыр аралығында** есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыратын 5 (кем емес) бейнематериал (репортаж, бағдарлама, кездесу, т.б.) дайындап, телеарна арқылы көрсету;

2) **2017 жылғы 25 мамыр – 26 мамыр аралығында:**

- телеарнада көрсетілген 5 материалдың (репортаж, бағдарлама, кездесу, т.б.) DVD-RW/R дискісіндегі көшірмесін;
- жазбаша түрде дайындалған мәліметтерді;
- көрсеткен телеарна, жариялаған радиоарна атауы, күні, уақыты көрсетілгендігі немесе жарияланғандығы жайлы 5 (бес) анықтама;
- дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек;

**Баспасөз журналистері:**

1) **2017 жылғы 27 ақпан – 25 мамыр аралығында** есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыратын 5 (кем емес) мақала дайындап, басылымда (газет, журнал) жариялау;

2) **2017 жылғы 25 мамыр – 26 мамыр аралығында:**

- мақала жарияланған 5 (бес) басылымды;
- дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек;

 

Сайысқа тапсырылатын құжаттар ағымдағы жылдың 25 – 26 мамыр аралығында **Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына** қолма – қол негізде **Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18-ғимарат** мекенжайы бойынша *(415-қызметтік бөлмесі, телефон: 29-56-20)* қабылданады. Құжаттар электронды түрде қабылданбайды.

 

*Сайыс жеңімпаздары анықталғаннан кейін департамент басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар ұсынылады.*

**Ескертпе:**

- сайысқа тапсырылатын құжаттар **2017 жылғы 26 мамырдан** кейін қабылданбайды;
- сайысқа қатысушылардың жасына шектеу жоқ;
- сайыскермен тапсырылатын материалдар саны 5-тен кем болмауы керек;
- бір ұжымнан қатысатын сайыскерлер санына қойылатын шектеулер жоқ.

- атап көрсеткен құжаттар толығымен тапсырылмаса және сайыс талаптарына сәйкес келмесе сайыскер сайысқа қатыстырылмайды

- АУДАН ТІЛШІЛЕРІ ӨЗДЕРІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН 26.05.2017 жылға ДЕЙІН КЕЛІП ТҮСУІН ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖОЛДАЙ АЛАДЫ (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 ғимарат, №415 қызмет бөлмесі, ОІІД ЕБҚКБ).

 

**Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы**

---

Source: [https://yvision.kz/post/h-a-b-a-r-l-a-n-d-y-r-u-758069](https://yvision.kz/post/h-a-b-a-r-l-a-n-d-y-r-u-758069)