---
title: "GGG!!!GGG!!!GGG!!!"
description: "Жарайсың!!! GGG!!!GGG - қазір Қазақстандық брендке айналған. Және қазақтың ұлттық шапанын брендке ай..."
author: "bakoniaalim"
published: "2016-09-02T06:49:32+00:00"
modified: "2016-09-02T06:49:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ggg-ggg-ggg-710037"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ggg-ggg-ggg-710037/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# GGG!!!GGG!!!GGG!!!

> Жарайсың!!! GGG!!!GGG - қазір Қазақстандық брендке айналған. Және қазақтың ұлттық шапанын брендке ай...

Жарайсың!!! GGG!!!GGG - қазір Қазақстандық брендке айналған. Және қазақтың ұлттық шапанын брендке айналдырып жүр. Жаңа ғана оқыдым. Ол - қазір әлемдегі ең бай екінші боксшы. Қазақстандық боксты Гена арқылы бар әлем танып жатыр.Ал қазір Келл Брукпен болатын бокс өте қызу талқылануда. Бұл туралы әлемдегі ең мықты боксерлер өз пікірлерін білдіруде.

**Британиялық боксшы Амир Хан IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брук пен WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жегі жайлы өз пікірімен бөлісті.**

«Бртаниялық боксшылар соңғы кездері өздерін бокста белсенді көрсетіп жүр, үздіктердің үздігімен жұдырықтасудан қорықпай, тәуекелге барады», — деп жазды Хан «Твиттерде».

**Британдық бокшы Мартин Мюррей орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекте отандасы Келл Брук ең көп дегенде оған алты раунд қана төтеп бере алады деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.**

«Келл үшін бұл тым батыл қадам, - деді Мюррей.

- Головкиннің деңгейі жоғары. Брук терең суды таңдады, оның жүзіп өтуі неғайбыл. Келл мен сияқты оның соққысына төтеп бере алады деп ойламаймын. Ал раундқа шыдауы мүмкін. Головкинмен рингке шығудың қалай екенін мен білемін. Бурктің таймингі, қашықтықты сезуі жақсы. Алайда Головкиннің деңгейі мүлдем басқа. Ол басқа лигада, тіпті «Канело» да оны жеңе алмайды».

33 жастағы британиялықтың өзіндік рекорды бар - ол WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы қазақстандыққа қарсы жекпе-жекте 11 раундқа дейін шыдап, барынша табандылық көрсеткен.

«Келл қомақты жалақы үшін Головкинмен жұдырықтасуға келісті. Оның бұл кездесуге қойған мақсаты – Головкиннен нокаутпен ұтылмау. Бруктың жеңіске мүмкіндігі жоқ. Ол Головкиннен жеңіледі», - деді Юбенк Sky Sports арнасына.

«Брукта ешқандай мүмкіндік жоқдеп ойлаймын - Головкин оны нокаутқа жібереді. Брук өзіне қажет емес салмаққа ауысты, оның үстіне, сол салмақтағы ең мықты боксшымен жұдырықтаспақ. Мұнда нокауттан басқа қандай нұсқаулар болуы мүмкін бе?», - деді Беленький.

**10 қыркүйекті болатын бокс бәсекесінде Қазақстандық боксшыға жұлдыз спортшылар қолдау көрсетпек.** «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшылары Уэйн Руни мен Златан Ибрагимович Головкиннің фанаттары екен. Сондықтан олар 10 қыркүйекте өз алаңында «Манчестер Ситимен» дерби күтіп тұрса да, матчтан кейін Лондондағы бокс кешіне бармақ. Айта кетейік, Канело Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласын нокаутқа түсіретініне сенімді. Бар әлемнің Гена туралы ойы осындай. Біз де Генаға сенеміз. Алға GGG!!! Бәріміз жанкүйер болып отырған Генаның ең жарқын жеңістерінің бірін 10-қыркүйекте 00:00 де "Қазақстан" және "Kazsport" телеарналарынан тамашалайтын боламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ggg-ggg-ggg-710037](https://yvision.kz/post/ggg-ggg-ggg-710037)