---
title: "футбол"
description: "екі аптадан аз уақыттан соң тағы да кезекті мундиаль басталады, тағы да Қазақ елі қатысуынсыз. 20 жы..."
author: "assylzhan"
published: "2014-05-29T15:05:54+00:00"
modified: "2014-05-29T15:05:54+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/futbol-415558"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/futbol-415558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# футбол

> екі аптадан аз уақыттан соң тағы да кезекті мундиаль басталады, тағы да Қазақ елі қатысуынсыз. 20 жы...

екі аптадан аз уақыттан соң тағы да кезекті мундиаль басталады, тағы да Қазақ елі қатысуынсыз. 20 жылда ең көп қаражат бөлінген спорт саласы ең аз жетістік көрсетуде. және алдағы 20 жылда да нәтиженің жақсара түсуі екіталай. Ауыз толтырып айтар жетістігіміз Шахтердің Европа Лигасының топтық кезеңіне өтуі, бірақ

1. Шахтердің қалай өткенін ел болып көрдік ( футбол тарихында барлық ойынды 11 қорғаушымен өткізген команда болмаған шығар, бұл жағынан Челсидің де Шахтерден үйренері бар)

2. Шахтерді топтық бәсекеге алып шыққан легионерлер. иә, Хижниченко мен Финонченко голдар салды, бірақ негізгі рольде сол Симчевич, Газарян немесе Каньяс болғаны белгілі.

негізгі мәселе ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ футболдың дамымауы. ауытқымайық. негізі саралап қарасақ жалпы футболдың даму жағдайын. әлемдегі жағдай. футболдан алдыңғы қатарлы мемлекеттер: Англия немесе Испания. тіпті көрші Ресей. Футболда мемлекеттік бюджетке қарап жатқан жоқ. жеке инвесторлардың қолында.соңғы 10 жылдықтағы сәтті жобалар - ЧЕЛСИ, МАН СИТИ, ПСЖ, ЗЕНИТ. иә Зенит пен Томді салыстырып көрейік. Мемлекеттік бюджетке қарап отырған Томнің жағдайын Зенитпен салыстыруға келеді ме? инвесторлар

![футбол](https://storage.yvision.kz/images/user/assylzhan/6DCvBQUIrUwSc365YYnMwoBvnZoNGg.jpg)

өз командаларының табысты болуы үшін бар жағдайды жасайды, ӨЙТКЕНІ ҚАЗІР ФУТБОЛ ЖАЙ ҒАНА СПОРТ ЕМЕС, ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ. табысты болуы үшін барлық сала қосымша дамиды. қатарлас. инфрақұрылым, балалар футболы, маркетинг және т.б. егер сол елдің клубы нәтижелі, табысты болса ұлттық құрамасы да табысты болады. сол себепті неғұрлым тезірек футбол клубтарымызды сатар болсақ, (тіпті шет елдік инвесторларға( кен орындарын емес, осы фк ларды сату керек) соғұрлым отандық футбол көтеріледі. және келесі мундиальда қазақтар бразилия мен испанияға емес, Қазақстанға жанкүйер болады. осы күнге тезірек жетейік!

ПЫ.СЫ. футболға кеткен қаражатқа жолдарымызды жөндейміз!

---

Source: [https://yvision.kz/post/futbol-415558](https://yvision.kz/post/futbol-415558)