---
title: "«Freedom Insurance» - Медиа квиз"
description: "Бүгін Алматыда медиа өкілдеріне арналған ерекше форматтағы іс-шара – сақтандыру тақырыбында квиз өтті.Сақтандыру – әрқайсымызға қатыс?..."
author: "Burkhanova"
published: "2025-10-15T10:28:05+00:00"
modified: "2025-10-15T10:28:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/freedom-insurance-media-kviz-1017850"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/freedom-insurance-media-kviz-1017850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Freedom Insurance» - Медиа квиз

> Бүгін Алматыда медиа өкілдеріне арналған ерекше форматтағы іс-шара – сақтандыру тақырыбында квиз өтті.Сақтандыру – әрқайсымызға қатыс?...

Бүгін Алматыда медиа өкілдеріне арналған ерекше форматтағы іс-шара – сақтандыру тақырыбында квиз өтті.

![«Freedom Insurance» - Медиа квиз](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/dc6bfdf800cbafdec8d0990b2e4d19d8.jpg?width=4709&height=3134)

Сақтандыру – әрқайсымызға қатысты маңызды сала. Әрбір жүргізушінің ҚҚИ АҚЖС полисі бар, ал кейбіреулерінде КАСКО да бар. Саяхаттағанды ұнататындар туристік сақтандыру рәсімдейді, ал кейбіреулер балаларымен қатар өз үй жануарларын да сақтандырады.

![«Freedom Insurance» - Медиа квиз](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bbdfca893fa7d1e0674a364f025159a1.jpg?width=4172&height=2775)

Сондықтан квизге сақтандыру тақырыбында жазып жүрген тәжірибелі журналистер де, басқа бағыттарда жұмыс істейтін журналистер де қатысты – бәрі де зияткерлік сайыста жоғары деңгей көрсетті!Квиздің ұйымдастырушысы – «Freedom Insurance» СК» АҚ.Бес турдан тұратын классикалық формат қатысушыларға сақтандыру саласындағы білімдерін тексеруге әрі жаңа мәліметтер білуге мүмкіндік берді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/freedom-insurance-media-kviz-1017850](https://yvision.kz/post/freedom-insurance-media-kviz-1017850)