---
title: "Фарес"
description: "Фарес жеті жасынан көшеде раушан сатып жүрді. Жарқын жүзінен күлкісі, мөлдір көзінен нұры кетпейтін ..."
author: "sauron"
published: "2016-03-16T01:30:46+00:00"
modified: "2016-03-16T08:30:30+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/fares-683294"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/fares-683294/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Фарес

> Фарес жеті жасынан көшеде раушан сатып жүрді. Жарқын жүзінен күлкісі, мөлдір көзінен нұры кетпейтін ...

Фарес жеті жасынан көшеде раушан сатып жүрді. Жарқын жүзінен күлкісі, мөлдір көзінен нұры кетпейтін Фаресті көрген жан бірден оған ғашық болатын. Қаншалықты жарлы болса да, өзінен раушан сатып алмаған адамнан ешқашан ақша қабылдамайтын. Ал көше балалары оған еліктеп, таза киінуге тырысатын. Көксеген арманы баспанасыз қалған балаларды қорғау еді. Алайда, жас раушан сатушы басқалаларды да, өзіні де қорғауға үлгермеді. Өткен жылдың шілде айында он екі жасар Фарестің өмірі үзілді. Сирияның Хасака қаласына әуе шабуылы салдарынан көз жұмды. Осылай, Фарес Сириядағы қанды қақтығыстың екі жүз мыңдаған бейкүнә құрбанының бірі болды. Алла жазса, жұмақтың хош иісті раушанына айналды..

![Фарес](https://storage.yvision.kz/images/user/sauron/I5g1SIFL28RlRIHK04ujO5QJz4pcJF.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/fares-683294](https://yvision.kz/post/fares-683294)