---
title: "«FACE OF KAZAKHSTAN 2024»"
description: "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР БАЙҚАУЫ 8 маусымда (сенбі), кешкі 18:00 – 21:00 сағат аралығында, Қазақ-Британ техникалық университетінде (Төле би көшесі, 59 үй) Face of Kazakhstan 2024 халықаралық модельдер байқауы өтеді. Face of Central Asia байқауы..."
author: "Burkhanova"
published: "2024-06-03T17:12:58+00:00"
modified: "2024-06-03T17:12:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/face-of-kazakhstan-2024-1005276"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/face-of-kazakhstan-2024-1005276/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «FACE OF KAZAKHSTAN 2024»

> ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР БАЙҚАУЫ 8 маусымда (сенбі), кешкі 18:00 – 21:00 сағат аралығында, Қазақ-Британ техникалық университетінде (Төле би көшесі, 59 үй) Face of Kazakhstan 2024 халықаралық модельдер байқауы өтеді. Face of Central Asia байқауы...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР БАЙҚАУЫ

8 маусымда (сенбі), кешкі 18:00 – 21:00 сағат аралығында, Қазақ-Британ техникалық университетінде (Төле би көшесі, 59 үй) Face of Kazakhstan 2024 халықаралық модельдер байқауы өтеді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/41d38a49b7532632fcb7d4cc6b486e.jpg)

Face of Central Asia байқауы Оңтүстік Кореяда 18 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Asia Model Festival ірі халықаралық модельдер конкурсының бір бөлігі болып табылады.

Face of Kazakhstan бірнеше жылдан бері онлайн форматта өткізілген еді, ал 2023 жылы Шымкентте ұйымдастырылды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/4ffa715bf173b7338b169aa1dd0943.jpg)

Face of Central Asia байқауына Қазақстанның барлық өңірінен кәсіби моделдер қатыса алады. Оның жеңімпаздары Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Asia model Festival фестивалі жұлдыздарын марапаттау рәсіміне Қазақстан атынан қатысатын болады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/45a4bdf1c09e2970cb0605af8327b9.jpg)

Біз барлық БАҚ өкілдерін, электронды және дәстүрлі баспасөз журналистерін, блогерлерді аталмыш шараға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз. Кіру тегін.

Қосымша ақпаратты 8-777-364-19-33 телефоны арқылы алуға болады.

Instagram: @faceofkazakhstan_

---

Source: [https://yvision.kz/post/face-of-kazakhstan-2024-1005276](https://yvision.kz/post/face-of-kazakhstan-2024-1005276)