---
title: "ЕУРОПАНЫ БИЛЕГЕН БАБАЛАРЫМЫЗ"
description: "Өткенде аумалы-төкпелі XIII ғасырда Еділ мен Тан өзендерінің аймағын мекендеген қазақ-қыпшақ қауымы..."
author: "Masa77"
published: "2023-04-04T05:10:30+00:00"
modified: "2023-04-04T06:43:45+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/europany-bilegen-babalarymyz-986561"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/europany-bilegen-babalarymyz-986561/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЕУРОПАНЫ БИЛЕГЕН БАБАЛАРЫМЫЗ

> Өткенде аумалы-төкпелі XIII ғасырда Еділ мен Тан өзендерінің аймағын мекендеген қазақ-қыпшақ қауымы...

Өткенде аумалы-төкпелі XIII ғасырда Еділ мен Тан өзендерінің аймағын мекендеген қазақ-қыпшақ қауымының бір бөлігін Орталық Еуропаға, Ұлы Даланың батыс қиыр шебі Мажар (Мадиар, Венгр) жазығына бастап апарған хан Көтен Хан Сүттей ұғлы (1180 - 1241) [орыс жылнамаларында Котян Сутоевич] туралы өткенде жазғанмын.

Көтен Ханның ұрпағы Еуропада өсіп-өнді. Қыздары Еуропа корольдарына тұрмысқа шықты. Бертінгі жиенінің бірі Жетінші Герцог Мальборо Уинстон Черчилль. Бір қызы Жейхан [христиан есімі Ержебет, Елизавета Куманская деген атпен де белгілі] мажар тағында ұлы есейгенше он жылдан артық билеуші-консорт патша болып отырды. Баласы Еуропа және Мадиар (венгр) тарихындағы белгілі король Ладислас IV.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/303080/833bb7380b772f8b789fb1eb3fc211.jpg)

Орта ғасырларда Мажарстан қыпшақтары өздерінің жауынгер мінезі арқасында, Жапонияның самурайлары сияқты, Венгрияның әскери элитасына айналды.

Суреттерде Көтен хан, оның темір сауытты әскері бейнеленген. Үшінші суретте Көтеннің жиен немересі мажар-қыпшақ королі Қыпшақ Ласло [суретші Геза Самоджи].

Төменгі суреттерді сол қыпшақтардың ұрпағы, Қарсақ [Карцаг] қаласының тумасы, Іштуан Қоңырдың жерлесі Шандор Суч-тің фб-парақшасынан көріп қалып, салып отырмын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/303080/1613fbbf8e35644619bcdd24163165.jpg)

Көтен Хан Сұттейұғлы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/303080/ac956bf11fdb1ac75c5f99dacbc69f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/europany-bilegen-babalarymyz-986561](https://yvision.kz/post/europany-bilegen-babalarymyz-986561)