---
title: "Эссе жазу"
description: "А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырад?..."
author: "irusgera"
published: "2025-01-21T05:18:22+00:00"
modified: "2025-01-21T05:18:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/esse-zhazu-1012011"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/esse-zhazu-1012011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Эссе жазу

> А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырад?...

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі. Өзге де санаттағы лауазымдарда эссе жазу кезеңі мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

![Эссе жазу](https://storage.yvision.kz/images/user/580827/a0f9a5a5ce781a12118a93a229ebfad9.jpg?width=1024&height=1024)

Эссе жазу кезеңі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні өтеді. Үміткердің эссе жазу күнін жүйе автоматты түрде анықтайды. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады. Эссе жазуды үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды. Бірнеше бос лауазымдарға конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады. Эссе жазу кезеңі бейнежазу арқылы жүйемен жазылады. Эссе жазу уақыты жүйеде эссе жазудың «терезесі» ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет. Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек. Эссе жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады. «Эссе жазу» конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды. Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады. Эссе жазу кезеңіне жіберілген үміткерлердің ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді. Конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен үміткерлерге жолданады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕСТІЛЕУҢНЕ ДАЙЫНДЫҚ: Заңнаманы білу Жеке қасиеттерін бағалау Ауызша (мәтіндік) тесттер Сандық тесттер [ProQyzmet.online](https://www.proqyzmet.online/)

---

Source: [https://yvision.kz/post/esse-zhazu-1012011](https://yvision.kz/post/esse-zhazu-1012011)