---
title: "\"Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар"
description: "Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Salem Entertainment компаниясы 14 наурыз күні «Кинокөрісу» шарасын өткізді. Сурет ұйымдастырушыларданРамаза..."
author: "Burkhanova"
published: "2025-03-26T04:36:07+00:00"
modified: "2025-03-26T04:36:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/eskort-serialy-da-korermenge-kayta-oralmak-salem-korermenderi-ushin-kuanyshty-zhanalyktar-1013088"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/eskort-serialy-da-korermenge-kayta-oralmak-salem-korermenderi-ushin-kuanyshty-zhanalyktar-1013088/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар

> Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Salem Entertainment компаниясы 14 наурыз күні «Кинокөрісу» шарасын өткізді. Сурет ұйымдастырушыларданРамаза...

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Salem Entertainment компаниясы 14 наурыз күні «Кинокөрісу» шарасын өткізді.

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/189aadadf699920f2cfb7ac30811565c.jpg?width=2000&height=3000)

Сурет ұйымдастырушылардан

Рамазан айымен қатар келген биылғы «Кинокөрісу» кино әлеміндегілер үшін мүмкіндіктер алаңы болуымен қатар, ауызашарға ұласты.

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6d2bdb5b0508a8e377adbd566545eb80.jpg?width=6240&height=4160)

Сурет ұйымдастырушылардан

Сонымен, Salem Entertainment компаниясы болашақта қандай ауқымды жобаларды іске асырмақ екенін, сүйікті көрермендерін не күтіп тұрғанын білу мақсатында тілшіміз шараға қатысып қайтқан болатын.

Salem Entertainment компаниясының негізін қалаушысының бірі Игорь Цайдың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – барша көрермендерді алдағы жобалармен таныстыру.

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6b7002c101c03ef45618216d502487e1.jpg?width=3000&height=2000)

Сурет ұйымдастырушылардан

Игорь Цай өз сөзінде «Кинокөрісу» тек жаңа жоспарларды таныстыру емес, Salem-мен бірге жұмыс істеп келе жатқан тұлғаларды марапаттау алаңы екенін тілге тиек етті.

«Salem Entertainment көрермендерін не күтіп тұр?» деген сұраққа Salem Entertainment компаниясының негізін қалаушы Қуат Садықов «Сәке» сериалының толықметражды нұсқасын, «Чёрный двор» сериалының екінші бөлімін және «Sheker» мен «Meow» сериалдарының коллаборациясын жасауды жоспарлап отырғандарын айтты. «Meow» сериалы бүкіл ТМД елдеріне танымал сериал. Аталған екі жоба да әлеуметтік мәселелерді көтергенімен, екеуінің өмірге көзқарасы, құндылықтары әртүрлі. Сондықтан біз екі әлемді біріктірмекпіз. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді өз сөзінде Қуат Садықов.

Сонымен қатар, біз америкалық және қытайлық құрамамен бірлесіп үлкен жобаларға кірісетіндіктерін де жасырмады.

Кеш барысында Қуат Садықов пен Игорь Цай компанияның басты жоспарларымен, басты мақсатымен бөлісіп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қуат Садықовтың айтуынша, биылғы мақсат – Salem франшизаларын дамыту.

«Эскорт» сериалы көрерменге қайта оралмақ. Оның үшінші бөлімі күзде көрсетіледі. Сонымен қатар, 10 сәуірден бастап барлық кинотеатрларда «Патруль. Последний приказ» фильмі көрсетілмек.

Жаңалық мұнымен біткен жоқ. Сондай-ақ, қырғызстандық «Zomбеты» сериалының үшінші бөлімі түсіріледі екен. Оның ерекшелігі – бұл жолы сериал Қазақстанда түсіріліп, қазақ тілінде көрсетілетіндігінде болып отыр.

«Sheker» жанкүйерлеріне тосын сый

Әсіресе, жастар арасында танымал болған әйгілі «Sheker» киносының адал көрермендер үшін тосын сый – «Sheker» сериалының Айдос есімді кейіпкерінің жеке тарихы туралы жоба. «Sheker» біз үшін де ыстық жоба. Бұл өз алдына – бөлек тарих. Біз командамен ақылдаса келе, Айдостың өткен өмірін көрсететін спин-офф түсіруді жөн көрдік», – деді продюсерлер.

Шара барысында, кино саласындағы үздіктер танылып, марапатталды. Сонымен, кімдер марапатқа лайықты деп танылғанын сіздер де біле отырыңыздар:

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/fa8fe674f28ae267d44a6871599fcdc6.jpg?width=1080&height=1350)

Сурет ұйымдастырушылардан

Tiger Films — экшн жанрын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Ақан Сатаев және Саят Исембаев — қылмыстық драманы жаңа деңгейге шығарғаны үшін;

Қазақфильм — ұлттық киноға 90 жыл қызмет еткені үшін;

Bas Production — «Патруль» сериалының көпжылдық табысы үшін;

Нұрлан Қоянбаев — қазақстандық кинонарықтағы коммерциялық серпілісі үшін.

Сонымен қатар, Filmmakers, Corich Group, Art Dealers, Freedom Media, Unico Play секілді киноөндіріс саласындағы басқа да компаниялар марапатталды.

Salem Entertainment жобаларының әлем таныған жетістіктері

Компания басшысы Игорь Цай Salem жобаларының халықаралық деңгейдегі марапаттарын атап өтті:

«Эскорт» сериалы Испанияда «Үздік актриса» номинациясына ие болды.

«1286» сериалы «Sheker» ізімен «Үздік азиаттық контент» номинациясын иеленді.

«Сержан братан» сериалы «Ең үздік көпсериалды жоба» деп танылды.

Қазақстанға Джеки Чан мен «Оскар» иегерлері келе ме?

Жаңалықтың көкесі кеш соңында белгілі болды. Игорь Цой «Джеки Чан мен «Оскар» иегерлері Қазақстанда кино түсіретіндігін айтып күтпеген мәлімдеме жасады. Оның қандай жоба екенін әзірге біле алмадық. Дегенмен, Salem Entertainment бұл жаңалықпен жергілікті киноиндустрияға тың серпіліс әкелуге ниетті екенін көрсетті.

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/c1d47c21b12920db11ece1a32e4a94f1.jpg?width=1080&height=1350)

Сурет ұйымдастырушылардан

!["Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ: Salem көрермендері үшін қуанышты жаңалықтар](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/11ef7a81dc3cfc944c450dbbe4ca8b7f.webp?width=800&height=450)

---

Source: [https://yvision.kz/post/eskort-serialy-da-korermenge-kayta-oralmak-salem-korermenderi-ushin-kuanyshty-zhanalyktar-1013088](https://yvision.kz/post/eskort-serialy-da-korermenge-kayta-oralmak-salem-korermenderi-ushin-kuanyshty-zhanalyktar-1013088)