---
title: "ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ"
description: "Іс-шараға олардан бөлек әлеуметтік ұстаздар, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен полицей-психоло..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-03-12T17:43:23+00:00"
modified: "2019-03-12T17:52:36+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/esirtkisiz-bolasha-828167"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/esirtkisiz-bolasha-828167/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ

> Іс-шараға олардан бөлек әлеуметтік ұстаздар, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен полицей-психоло...

Іс-шараға олардан бөлек әлеуметтік ұстаздар, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен полицей-психологтар шақырылды.

...Облыстық полиция департаментінің босағасын аттай сала аналарды жедел уәкілдер гүл сыйлап қарсы алды. Меймандарға синтетикалық есірткілерді қолданудан туындайтын зиянды салдары баяндалатын «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» фильмі көрсетілді.

«Жастар жылы» аясында Полиция департаменті 2019 жылды «Есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күрес жылы» деп жариялады. Бағдарламаның мақсаты – жастарға нашақорлықтың бүгінгі күннің індеті екенін жеткізу. Бүгінгі кездесу жыл бойы өткізілетін іс-шаралардың бірі ғана. Бұған біз әлеуметтік ұстаздарды, ата-аналар мен балаларды шақырдық. Әсіресе, аналардың қатысуы маңызды. Өйткені, балалар уақыттарының көпшілігін аналарымен өткізеді. Әрі аналардың бала тәрбиесіне ықпалы зор», - дейді СҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

Жедел уәкіл мен дәрігер-нарколог бейнефильмді толықтырып, балалары есірткі дәмін татқан ата-аналарға қандай шаралар қабылдау керектігіне тоқталды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин жастар арасында нашақорлықтың белең алуы өзекті проблемалардың бірі екендігін және мұның алдын алуда полицейлер, ұстаздар мен дәрігерлер ғана емес, ата-аналар да белсенділік танытулары қажет деп айтып өтті. Ал, кездесу ерекше есте қалып, қызықтырақ өту үшін психолог маман, полиция подполковнигі Айгүл Шоланова «Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас. Оның әдістері» тақырыбында тренинг өткізді.

Жаттығулар мен тестілеу өткізу барысында қатысушы аналар өздері мен балаларының арасындағы қарым-қатынастарын айтты. Жасөспірімдердің аналарына кездесуден кейін қалып, психологпен бетпе-бет еркін сөйлесу мүмкіндігі ұсынылды. Ал, кездесу соңында олар үшін тосын сый жасалды. Полиция департаментінің ерлерден құралған вокалдық тобы ән шырқап, мерекелік көңіл-күйді көтере түсті.

Жедел уәкілдер айтып өткендей, аналармен ерекше форматта өткен бұл кездесу «Есірткісіз болашақ» жылы шеңберінде өткізіліп отырған іс-шаралардың бірі ғана. Кеңес алу үшін олар кез келген уақытта полиция ведомствосына жүгіне алады.

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0b68830bea909d1213b2a2f459e409.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7c823bba1137e0292659bf1ce6d950.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/1f15d395f34b4670cb5d28cfeef3b2.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/cf5d10035e68c385f2ab423cf9d091.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/aa7550515b4a10e35e3a8140be4620.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/dac391ae17dbc538c43275b95e840a.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/8aff8992ca3ddaf588e4b26dda9af0.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/630614195591175c963a8e95be6ee0.jpg)

![ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/39f50948074eacdeb43d596d198a9c.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/esirtkisiz-bolasha-828167](https://yvision.kz/post/esirtkisiz-bolasha-828167)