---
title: "Ерекше балалар"
description: "Аутизмге шалдыққандар қоршаған ортадан алыстап өз әлемінде өмір сүрсе, оларды өзінің ойындағы әлем ш..."
author: "pressa"
published: "2022-09-09T11:53:12+00:00"
modified: "2022-09-10T11:33:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/erekshe-balalar-974484"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/erekshe-balalar-974484/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ерекше балалар

> Аутизмге шалдыққандар қоршаған ортадан алыстап өз әлемінде өмір сүрсе, оларды өзінің ойындағы әлем ш...

Аутизмге шалдыққандар қоршаған ортадан алыстап өз әлемінде өмір сүрсе, оларды өзінің ойындағы әлем шынайы өмірден алшақтатады. Олар жаңа нәрсеге қызықпайды, әрі оны танып-білуге де құштар емес.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары деректері бойынша, дүниежүзінде әрбір 59-шы бала – аутист. Қазақстандағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметiнің дерегі бойынша Қазақстанда мұндай балалардың саны – 3820.

Қазақстандағы және әлемдегі үздік мамандар, ғалымдар аутизмнен жазылу мүмкін емес екенін айтады. Алайда, оның белгілерімен күресіп, балаға кең тараған америкалық қолданбалы мінез-құлықты талдау терапиясы аясында «көмек көрсетуге», қоғамға бейімдеуге әбден болады. Қазақстанда оларға амбулаториялық және стационарлық көмек аймақтық психикалық денсаулық ұйымдарының базасында тегін медициналық көмек көрсетіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/erekshe-balalar-974484](https://yvision.kz/post/erekshe-balalar-974484)