---
title: "En/Fr=Tr/Kz"
description: "Ағылшынша мен французшаның арасындағы айырмашылықтар, меніңше, түрікше мен қазақшада да бар сияқты. ..."
author: "pheeria"
published: "2013-04-12T06:11:51+00:00"
modified: "2013-04-12T06:11:51+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/en-fr-tr-kz-347155"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/en-fr-tr-kz-347155/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# En/Fr=Tr/Kz

> Ағылшынша мен французшаның арасындағы айырмашылықтар, меніңше, түрікше мен қазақшада да бар сияқты. ...

Ағылшынша мен французшаның арасындағы айырмашылықтар, меніңше, түрікше мен қазақшада да бар сияқты.

Ағылшыншаны түрікшеге, ал французшаны қазақшаға теңдестіріп көрейік J

- Сөйлейтін адамдар саны бойынша ағылшынша/французша және түрікше/қазақша арақатынастары шамамен 5-ке жуық.

- Һәм ағылшыншада да, һәм түрікшеде француз тілінен еңген сөздер көп.

- Ағылшынша және түрікше, французша мен қазақшаға қарағанда оңайырақ. Сөздері де, дыбыстары да.

- Ағылшынша да, түрікше де өз тілдерін тарату үшін көбірек “еңбек” етті.

- Қазақтар мен француздар жаңа сөздерді шығаруға тапқыр. Түріктер болса бар күйінде ала береді. Ағылшындардың ондай мәселелері жоқ та.

- Қазақша мен французшада әлі мұрындық дыбыстар бар. Қалған екеуінде олар жоқ.

Бір күні, адамдар түрікшені үлкен аймақпен қарым-қатынас тілі ретінде оқыса, қазақ тілін өздері үшін, қалағандары үшін үйренер деген үміттемін.

Ол үшін тілімізді ең алдымен өзіміз қолдануымыз керек. Кейін, өнерлерімізді дамытып, көрсете білуіміз керек болар. Жалғыз-ақ “Барселона” аяқдоп клубы бар Каталонияға, клубтары тілдерін танытуға, тәуелсіздігі үшін күресуге зор жәрдем етіп жүр. Ал бізде болса, халық өнері бай емес пе? Соған дұрыстап ие болсақ қайтеді?

---

Source: [https://yvision.kz/post/en-fr-tr-kz-347155](https://yvision.kz/post/en-fr-tr-kz-347155)