---
title: "Элион \"қазақша сөйледі\""
description: "Жақында біз Пиксар мен Диснейдің кезекті шедеврі “Элионың” қазақша версиясын тамашалап қайттық. \"Меломан\" мен \"Қазақ тілі\" қоғамының се?..."
author: "Burkhanova"
published: "2025-06-22T17:19:55+00:00"
modified: "2025-06-22T17:19:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/elion-kazaksha-soyledi-1015167"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/elion-kazaksha-soyledi-1015167/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Элион "қазақша сөйледі"

> Жақында біз Пиксар мен Диснейдің кезекті шедеврі “Элионың” қазақша версиясын тамашалап қайттық. "Меломан" мен "Қазақ тілі" қоғамының се?...

Жақында біз Пиксар мен Диснейдің кезекті шедеврі “Элионың” қазақша версиясын тамашалап қайттық.

![Элион "қазақша сөйледі"](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/05242516479d3f3c8671891d91410679.webp?width=1280&height=853)

"Меломан" мен "Қазақ тілі" қоғамының серіктесіп, осындай дүниелерді қазақша сөйлетіп жатқаны - дубляж тіліне ықпал ететін мамандар пайда болғанын білдірсе керек.

![Элион "қазақша сөйледі"](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/78552039ab10b4b7e53d67ccd70dd601.webp?width=1280&height=853)

Дисней түсірген кез келген жоба керемет болатыны түсінікті-ақ. Аудармаға келетін болсақ, тілі де, диплогтары да жатық шығыпты.

![Элион "қазақша сөйледі"](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d2d31936e0a2194ffb2a531e8952040a.webp?width=1280&height=853)

Картинаның өзіне келсек, балаларға өте қызықты тақырып көтерген. “Осы шексіз ғаламда біз жалғыз болмасақ ше?” - деп сұрайды Элио көрерменнен. Ата-анасынан айырылып, әпкесінің қолына қарап қалған кішкентай кейіпкердің жан дүниесіндегі арпалыс, балалар арасындағы буллинг, жалғыздық, дос табу, өтірік айту… бәрі шынайы, бәрі әсерлі. Элионың өзге ғаламшарға баруы, ондағы түрлі-түсті кейіпкерлер, өзгеше тіршілік бәрі-бәрі көрерменін тәнті етті.

![Элион "қазақша сөйледі"](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/97f61355c628586a60a0fa189a47be9f.webp?width=1280&height=853)

P.S. Қазақ контентінің дамуына үлес қосамын десеңіз, балаларды қазақ тіліндегі дубляжына апарып, бірге көріңіздер дегіміз келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/elion-kazaksha-soyledi-1015167](https://yvision.kz/post/elion-kazaksha-soyledi-1015167)