---
title: "ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ"
description: "📰Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар жұмыс сапарымен ауданымызға келді. 🖍 Сапар Т...."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-08-23T13:00:47+00:00"
modified: "2021-08-23T13:00:47+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/elge-deputat-keldi-945879"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/elge-deputat-keldi-945879/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ

> 📰Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар жұмыс сапарымен ауданымызға келді. 🖍 Сапар Т....

📰Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

![ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/b5e7e296ddc109149bc22eb72ac7aa.jpg)

🖍 Сапар Т.Масин, Бисен ауылдарындағы қожалықтардан басталды. Қожалық иелерімен болған кездесуде;

![ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/a097a147a8a7688416c9acc635e36d.jpg)

✔ қысқы мал азығының дайындау науқанының жүзеге асу барысы;

✔киік мәселесі сөз болды.

🖍 қожалық иелері:

✔ қуаңшылық жағдайында Үкімет тарапынан көмек берілуі;

![ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/c44ebcd245e5d9f6afc90572ce91a7.jpg)

✔шекаралас аудандарға ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған арнайы бағдарламаның қажеттігі; ✔полигон жерлерінің аумағын қайта қарап, шаруаларға мүмкіндік беру;

✔ құмды өңірде түз тағысының көбеюі, көршілес облыстарға қарағанда қасқыр аулауға деген шекті лимиттің бірнеше есе аздығы,

![ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/440493/a5cb62ce526b0eede2946bc4e9f767.jpg)

✔ Мұратсай көліне келетін судың мөлшерін көбейту және сол арқылы Қопаға су түсіру сынды өзекті мәселелеріне тоқталып, олардың жоғарғы органдар тарапынан шешілуіне ықпалдық танытуын сұрады. 🖍Одан әрі республикалық маңызы бар күре жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. ✔республикалық жолдың 50-83 шақырымына жөндеу жүргізуші қосалқы мердігер «Қоңыр сервис» ЖШС жұмысымен танысып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

✔ осы жолдың 0-50 шақырымына жол салушы мердігер «Атырау жолдары» ЖШС де жұмысымен танысып, ескертпелерін берді.

🖍Өз кезегінде, Мәлік Құлшар көтерілген мәселелердің орынды екендігін айтып, тиісті органдарға жеткізетіндігін жеткізді.

#орда_ақпараты

#депутат_сапары

---

Source: [https://yvision.kz/post/elge-deputat-keldi-945879](https://yvision.kz/post/elge-deputat-keldi-945879)