---
title: "ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛДЫҢ ЗОР МҮМКІНШІЛІКТЕРІН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА"
description: "Бүгінгі күні қаламыздың «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филилалы № 1 Семей қалалы..."
author: "makala123"
published: "2015-04-23T03:15:42+00:00"
modified: "2015-04-23T03:15:42+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/elektrondy-portaldy-zor-m-mkinshilikterin-nasihattau-zh-mystary-zhal-asuda-493644"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/elektrondy-portaldy-zor-m-mkinshilikterin-nasihattau-zh-mystary-zhal-asuda-493644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛДЫҢ ЗОР МҮМКІНШІЛІКТЕРІН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

> Бүгінгі күні қаламыздың «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филилалы № 1 Семей қалалы...

![ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛДЫҢ ЗОР МҮМКІНШІЛІКТЕРІН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/4GhbsGW1YAilCHZU9tklg5ISnAPQOB.jpg)

Бүгінгі күні қаламыздың «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филилалы № 1 Семей қалалық бөлімінің инспекторлары әртүрлі мекемелердің қызметкерлерімен кездесіп, «Еgov» порталы арқылы қандай мемлекеттік қызметтерді алып, қандай төлемдерді жасауға болатыны туралы ақпаратты кеңінен насихаттауда. Электрондық порталдың игіліктерімен алғашқы болып ақ халатты абзал жандар танысты. Орталық қаралу емханасы дәрігерлеріне «Еgov» порталы таңсық емес екен. Олар портал арқылы қызметтерді алумен қатар, электрондық сандық қолтаңбаны (ЭЦП) жұмыстары барысында жақсы қолданап жүргендерін жеткізді. Бұл-үлкен жетістік.

Электрондық порталмен қатар, ХҚКО № 1 Семей қалалық бөлімінің мамандары мобильдік үкіметтің қолжетімділігін тілге тиек етті. Электрондық үкімет порталы үйден қадам аттап шықпай, қажетті қызметті алуға мүмкіндік берсе, «Мgov» - әрқашан сізбен бірге. Бұлай дейтінім, ұялы телефоныңызға «мобильдік үкімет» қосымшасын жүктеп алсаңыз, кез-келген жерде және уақытта қажетті мемлекеттік қызметті пайдалана аласыз. Өте ыңғайлы және тиімді порталдың жұмыстары жөнінде ақпараттарды насихаттау үрдісі жалғаса бермек. Алдағы күндері Халыққа қызмет көрсету орталығының № 1 Семей қалалық бөлімінің қызметкерлері № 6 мектеп гимназия және №30 орта мектеп ұжымдарымен, тағы да бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен семинар сабақтарын өткізуді жоспарлауда. Электрондық портал және мобильдік үкімет жайында мағлұмат алғысы келетін ұжымдарға орталық қызметкерлері түсіндірме семинарлар жүргізуге әзір. Ол үшін ХҚКО-на хабарлассаңыздар жеткілікті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/elektrondy-portaldy-zor-m-mkinshilikterin-nasihattau-zh-mystary-zhal-asuda-493644](https://yvision.kz/post/elektrondy-portaldy-zor-m-mkinshilikterin-nasihattau-zh-mystary-zhal-asuda-493644)