---
title: "«еgov.kz» порталында интернет-конференция"
description: "2017 жылдың 25 қыркүйекте ҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-27T06:53:33+00:00"
modified: "2017-09-27T06:53:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/egov-kz-portalynda-internet-konferenciya-779995"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/egov-kz-portalynda-internet-konferenciya-779995/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «еgov.kz» порталында интернет-конференция

> 2017 жылдың 25 қыркүйекте ҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент...

2017 жылдың 25 қыркүйекте ҚРМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Департамент қызметінің ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп Кодексінің сақталуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша «egov.kz» порталында интернет-конференциясыөткізілді.

Сұрақтарға Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов жауап берді.

Интернет-конференцияға 129 адам қатысты. Шара барысында ХҚКО-на электронды сұрау жолдау тәртібі, мемлекеттік органдардағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттардағы оқушыларға тегін тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

Б.Ә.Исақов Департамент өкілдеріне апта сайын түрлі площадкаларда интернет-конференциясын өткізу үрдісін қалыптастырды.

Жыл басынан бері Департамент басшылығымен «фэйсбук» әлеуметтік желісінде 15-тен астам интернет-конференциясы өткізілді.

Сондай-ақ, 28 қыркүйекте «Жайық-Пресс» медиахолдингінің сайтында және 29 қыркүйекте «egov.kz» порталында Департамент басшысы «сұрақ-жауап» режимінде интернет-конференциясы өткізетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/egov-kz-portalynda-internet-konferenciya-779995](https://yvision.kz/post/egov-kz-portalynda-internet-konferenciya-779995)