---
title: "дзюдошы Гүлжан Исанова Ташкенттен алтын жүлдемен оралды"
description: "Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-07T05:03:20+00:00"
modified: "2013-10-07T05:03:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dzyudoshy-g-lzhan-isanova-tashkentten-altyn-zh-ldemen-oraldy-377950"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dzyudoshy-g-lzhan-isanova-tashkentten-altyn-zh-ldemen-oraldy-377950/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# дзюдошы Гүлжан Исанова Ташкенттен алтын жүлдемен оралды

> Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады ...

[!\[Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20120803165920-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20120803165920.jpg)

Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтар көршілес елден 1 алтын жүлдені еншілеп қайтты. 78 келі салмақта Гүлжан Исановаға тең келгендер болмады. Жарыстың күміс жүлдесін біздің жерлесіміз Александра Подрядова (48 келі), «қола» медальді — Назгүл Құбашева (57 келі), Мариан Урдабаева (63 келі) және Альбина Амангелдинова (78 келі) иеленді. Ал ерлер Ташкентте 5-орыннан аса алмады.

 
 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/post/dzyudoshy-g-lzhan-isanova-tashkentten-altyn-zh-ldemen-oraldy-377950](https://yvision.kz/post/dzyudoshy-g-lzhan-isanova-tashkentten-altyn-zh-ldemen-oraldy-377950)