---
title: "Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды"
description: "Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан Әлем бірін..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-06T02:34:16+00:00"
modified: "2015-08-06T02:34:16+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dzyudoshy-aybolat-ystybay-kadetter-arasynda-lem-chempiony-atandy-527383"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dzyudoshy-aybolat-ystybay-kadetter-arasynda-lem-chempiony-atandy-527383/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды

> Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан Әлем бірін...

Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан Әлем біріншілігінде 50 келі салмақ дәрежесінде Айболат Ыстыбай чемпион атанды.

![Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/5erdH522xcoV4l6IfaP5r4Vn8jw4oa.jpg)

Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Финалда италиялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясы. Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.

Жарыс нәтижесі.

Жасөспірімдер (50 келіге дейін)

1. Айболат Ыстыбай (Қазақстан)

2. Бьяджо д'Анджело (Италия)

3. Нармандах Баянмунх (Моңғолия)

3. Казбек Нагучев (Ресей)

---

Source: [https://yvision.kz/post/dzyudoshy-aybolat-ystybay-kadetter-arasynda-lem-chempiony-atandy-527383](https://yvision.kz/post/dzyudoshy-aybolat-ystybay-kadetter-arasynda-lem-chempiony-atandy-527383)