---
title: "Джеки Чан Астанада"
description: "Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйік..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-06T12:30:06+00:00"
modified: "2017-06-06T12:30:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dzheki-chan-astanada-769211"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dzheki-chan-astanada-769211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Джеки Чан Астанада

> Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйік...

Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам **Джеки Чан** бүгін **Астанаға** келді. Ол **7** маусымда **Қазақстандағы Қытай** киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады. Шара **«Қазмедиа орталығының»** киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары - **«Қазақстан»** республикалық телерадиокорпорациясы мен **ҚХР** Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. Айта кету керек, **7-18** маусым аралығында **Астанада** өтетін **Қытай киносы фестивалі** аясында елордалықтар мен қала қонақтары **«Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі»** сынды туындыларды тамашалай алады.Дереккөз: kaztrk

[http://kaztrk.kz/news/portal/dzheki-chan-astanaga-keldi-95730](http://kaztrk.kz/news/portal/dzheki-chan-astanaga-keldi-95730)Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz

---

Source: [https://yvision.kz/post/dzheki-chan-astanada-769211](https://yvision.kz/post/dzheki-chan-astanada-769211)