---
title: "Дудар-ай 18.06.2011"
description: "«Дудар-ай» орталығы қанат жайды, Кәсіпқой әншіні енді жаратпайды. Сөзіне өздерінің сенер болсақ, Ола..."
author: "khabarkz"
published: "2011-06-21T01:40:52+00:00"
modified: "2011-06-21T01:40:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dudar-ay-18-06-2011-169910"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dudar-ay-18-06-2011-169910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дудар-ай 18.06.2011

> «Дудар-ай» орталығы қанат жайды, Кәсіпқой әншіні енді жаратпайды. Сөзіне өздерінің сенер болсақ, Ола...

«Дудар-ай» орталығы қанат жайды, Кәсіпқой әншіні енді жаратпайды. Сөзіне өздерінің сенер болсақ, Оларсыз шоу бизнестің таңы атпайды.

Жұлдызбек Шалқайғанның мұрагері, Шоу бизнестің шаң жұқпас құлагері. Даңқы асып алыс-жақын шетелдерге, Суреті билбордтарда тұрады енді.

Қырғызбай тұғырынан түлеп ұшты, Қалтаны қалыңдатар біледі істі. Қаланы қанша жақсы түсінсе де, Миялыны аңсайды жүрегі ішкі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/dudar-ay-18-06-2011-169910](https://yvision.kz/post/dudar-ay-18-06-2011-169910)