---
title: "Домбыра Party"
description: "Былтырдан бастап қазақ блогерлері ұйымдастырып жүрген керемет шара бар. Ол Домбыра Party деп аталады..."
author: "kaztube1"
published: "2013-05-22T07:37:14+00:00"
modified: "2013-05-22T07:37:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dombyra-party-353061"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dombyra-party-353061/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Домбыра Party

> Былтырдан бастап қазақ блогерлері ұйымдастырып жүрген керемет шара бар. Ол Домбыра Party деп аталады...

Былтырдан бастап қазақ блогерлері ұйымдастырып жүрген керемет шара бар. Ол Домбыра Party деп аталады. Халық көп жиналатын жерде домбырамен ән шырқап, күй тартып, қазақтың төл аспабын насихаттау - басты мақсаттары болып табылады.

16 мамыр күні Астана қаласындағы Домбыра Party маусымы ашық деп жарияланды.

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/2f6xf17CDo4q88U57JiYwoJuDfWC63.jpg)

Бақытжан Есмағанбет атты өнерлі жігіт Өнер университетінің атынан келді.

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/ItumdvY2KH58beOSo7p48AbUtn9vMw.jpg)

Домбыра Partyде өнер көрсеткен Тұтқабаев Ернұр атты жігіт те өнер университетінен.

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/y4DfjP5NIgRoLRjh2X1Tj6sq430F4l.jpg)

Домбыра Party Астана қаласында ғана емес,Алматы,Шымкент,Атырау қалаларында да ұйымдастырылады. Барыңыздар,көріңіздер!

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/PO04WbzU2R7686R52mz416ZE258yq4.jpg)

Аграрлық университет студенті - Сәуірбек ортада. Халық ұйып тыңдап тұр. Қандай әдемі көрініс!

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/hS7gVqMK7f0iIbWz26JMHu8YO8J0i8.jpg)

Қыздар да домбыра тартып, ән шырқаудан кенде емес екен.

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/4lp0Jzxrqt2y5fm87Nrm6JxxvTSQn1.jpg)

Қоңыр домбыраның үнін халық құлағына сіңдіруге септігін тигізетін мұндай шаралар керек-ақ!

Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

Қоңыр домбыраның үнін халық құлағына сіңдіруге септігін тигізетін мұндай шаралар керек-ақ!Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

![Домбыра Party](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/s0iDVM0F4J8G17f28n656ixST4fgCt.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/dombyra-party-353061](https://yvision.kz/post/dombyra-party-353061)