---
title: "Дінтану мамандығының зайырлы сипаты"
description: "Борбасова Қ.М.– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д.Аманғазин А.Н...."
author: "Aktore"
published: "2026-10-31T09:25:20+00:00"
modified: "2026-10-31T09:25:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dintanu-mamandygynyn-zayyrly-sipaty-1022363"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dintanu-mamandygynyn-zayyrly-sipaty-1022363/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дінтану мамандығының зайырлы сипаты

> Борбасова Қ.М.– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д.Аманғазин А.Н....

**Борбасова Қ.М.**– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д.**Аманғазин А.Н. – **Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты**Дінтану мамандығының зайырлы сипаты**Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны, сондай–ақ еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әлемдік білім беру жүйесінде өз орны бар, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Бүгінгі таңда алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасының философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы 20 жылдан астам уақыт аралығында дінтанушы мамандарды (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура деңгейінде), соңғы жылы исламтанушыларды (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура деңгейінде) заман талабына сай даярлауда. **** Дінтану мамандықтарына бакалавр, магистратура, докторантура бойынша гранттардың жыл сайын көбеюін ғылымның аталған салаларының дамуына мемлекет тарапынан жасалған қолдау ретінде бағалауға болады. Қазіргі Қазақстандағы дінтанулық білім - өзіндік базаға, тиісті білім үдерісі құжаттарына, қалыптасқан тәжірибеге ие, халықаралық ғылыми және білімдік байланыстарды жандандыруға өзіндік үлес қосып отырған қоғам өміріндегі маңызы жоғары білім беру саласы.Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларының өзара байланысы мен әрекеттестігін зерттейтін мамандық. Дінтану мамандығы алғашында философия, тарих және дін ілімі ықпалымен дамыған. Ал қазіргі уақытта дінтану мамандығы зерттеу тақырыбына байланысты түрлі ғылыми пәндер кешені ретінде танылады. Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни жазба ескерткіштерін, діни ұйымдарды да жан жақты қарастырады.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында дінтану мамандықтарын оқыту үдерісі мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес бекітілген бағдарлама бойынша жүреді. Дінді зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп, өз бетінше ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын, дінтану саласында нақты ғылыми ой-пікірі қалыптасқан, зайырлылық ұстанымды жоғары білікті мамандарды даярлайды. Дінтану бағыттарына арнап дайындалған өзіндік тәжірибеден өткен білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бар.Үш тілде қатар білім алу, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтуі сияқты көптеген мүмкіндіктер жасалған.Дінтану пәндері жастарымыздың бойында ұлтжандылық, әдептілік, отансүйгіштік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді арттырып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын.Дінтану мамандығы еліміздегі ең жас мамандықтардың бірі. Мамандықты игерудегі бағдарламасы да мемлекеттік жоғары білім беру стандартына сай. Бұл мамандық – қазіргі таңдағы ең қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Себебі, дін мәселесі әр кезеңде өзекті мәселе болып қала бермек.

---

Source: [https://yvision.kz/post/dintanu-mamandygynyn-zayyrly-sipaty-1022363](https://yvision.kz/post/dintanu-mamandygynyn-zayyrly-sipaty-1022363)