---
title: "Димаш жарды, жарады!"
description: "China Top music Awards жобасында «Азияның ең танымал әншісі» атанған сүйікті ұлымыз Димаш Құдайберге..."
author: "tracyb"
published: "2017-03-27T22:13:31+00:00"
modified: "2017-03-27T22:13:31+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dimash-zhardy-zharady-761391"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dimash-zhardy-zharady-761391/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Димаш жарды, жарады!

> China Top music Awards жобасында «Азияның ең танымал әншісі» атанған сүйікті ұлымыз Димаш Құдайберге...

**China Top music Awards** жобасында **«Азияның ең танымал әншісі»** атанған сүйікті ұлымыз Димаш Құдайбергеннің мына сөзін ел жылы қабылдады. Расында, өте әсерлі екен. Тыңдап көрейік. Мүмкін, қазақша айтқан соң, әсерлі болды ма екен!)

**«Ассалаумағалейкум, қадірлі көрермен, қымбатты қауым! Өте қатты қуанып отырмын. Әрине, бұл менің шетелде алып тұрған алғашқы үлкен сыйлығым!»**

Диапазоны кең, ерекше әнші Димаш, бүкіл халқына, ата-ана, дос жаранға алғыс білдірді.

Айтпақшы, Димашты, инстаграмда **Қайрат Нұртаспен** салыстырып жатқандар да болды. Қарсылық білдіріп, екеуін салыстырудың еш қисынға келмейтінін айтқандар да кездесті.

Менің ойымша, Димаш - кәсіби әнші. Басқалары, тойдың әншісі. Той-томалақ, шоу бизнестің деңгейіне түсіп кетпесе деген тілек бар, бізде. Ол енді, Құдай қаласа, уақыттың еншісіндегі мәселе...

---

Source: [https://yvision.kz/post/dimash-zhardy-zharady-761391](https://yvision.kz/post/dimash-zhardy-zharady-761391)