---
title: "Диалог"
description: "Үйдің іші түн ортасы кіргендей, Ояу жатқан жалғыз ғана бір мендей. Мазам қашты, үйіп берген ұстазды..."
author: "fariza.ahmedia"
published: "2020-12-15T17:12:46+00:00"
modified: "2020-12-15T17:12:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dialog-891912"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dialog-891912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Диалог

> Үйдің іші түн ортасы кіргендей, Ояу жатқан жалғыз ғана бір мендей. Мазам қашты, үйіп берген ұстазды...

{"blocks":[{"key":"7glj1","text":"\nҮйдің іші түн ортасы кіргендей,\nОяу жатқан жалғыз ғана бір мендей.\nМазам қашты, үйіп берген ұстаздың,\nТапсырмасын орындауға үлгермей.\nҚабырғада үлкен сағат тұрды айқын,\nЕртелі-кеш тоқтамайтын, тынбайтын,\nБар өкпемді соған айттым ақыры,\nТық-тық етіп бар уақытты ұрлайтын.\nСен неге осы әншейінде өтпейсің,\nКерек кезде ештеңеге жетпейсің,\nСенің де айтар өкпе-назың белгілі, \"Қадірімді білмейтіндер көп\" дейсің.\nСағат айтты: келтірсеңде дерек тың,\nМаған сірә жасай алар бөгет кім?\nМен сендерге бос уақытта қажетсіз,\nТек қиналып, асыққанда керекпін!\nӘр сағаты санаулы боп аһ ұрған,\nНауқастар көп таңды көзбен атырған.\nАл ниетсіз оқушы үшін өтпеймін.\nСабақ қашан бітеді деп отырған.\nЖандар көп қой іші пысып еріккен,\nЖеңіл оймен, ойнап-күліп желіккен.\nУақытын босқа өткізген адамдар,\nӨлерінде өкінеді неліктен?\nМаған босқа жұмсағанша күшіңді,\nПайдасы бар тірлік жаса тұшымды.\nУақытыңды босқа өлтіргің келмесе,\nУақытында істе әр бәр ісіңді. \"Қолда барда алтынның қадірі жоқ\"\nҚадірін біл сені оятқан әр күннің.\nТегін емес екендігін ұққайсың,\n\"Алтын уақыт\" деп айтқаны халқымның.\n\"Өтінемін қоя тұршы жылжымай\"\nДедім оған мұңлы үнмен тұнжырай.\nСонда сағат сәл ойланып тұрды да,\nДеді маған \"ұйықташы мылжымай\"","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}

---

Source: [https://yvision.kz/post/dialog-891912](https://yvision.kz/post/dialog-891912)