---
title: "Әдеп"
description: "Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды. Қасындағы бай:– Тақсыр, осын..."
author: "ybyrai_altynsarin"
published: "2018-01-26T08:33:48+00:00"
modified: "2018-01-26T08:34:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dep-794147"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dep-794147/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп

> Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды. Қасындағы бай:– Тақсыр, осын...

Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жұрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.

Сонда әкiм:

– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қалайын ба? – дедi дейдi.

---

Source: [https://yvision.kz/post/dep-794147](https://yvision.kz/post/dep-794147)