---
title: "Әдемі дауыс қоюды үйретемін"
description: "Журналистикадағы еңбек жолын қатардағы тілшіліктен бастап, бүгінде шешешендік өнер бойынша дәріс беретін маман, \"Бизнес фм\" арнасының радиожурналисі Әріпжан Әлиді халық жақсы таниды. Жақында біз журналистика әлемі, жалпы шешендік өнер бағыты туралы..."
author: "Burkhanova"
published: "2024-02-19T09:13:16+00:00"
modified: "2024-02-19T10:19:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/demi-dauys-oyudy-yretemin-1001318"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/demi-dauys-oyudy-yretemin-1001318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдемі дауыс қоюды үйретемін

> Журналистикадағы еңбек жолын қатардағы тілшіліктен бастап, бүгінде шешешендік өнер бойынша дәріс беретін маман, "Бизнес фм" арнасының радиожурналисі Әріпжан Әлиді халық жақсы таниды. Жақында біз журналистика әлемі, жалпы шешендік өнер бағыты туралы...

***Журналистикадағы еңбек жолын қатардағы тілшіліктен бастап, бүгінде шешешендік өнер бойынша дәріс беретін маман, "Бизнес фм" арнасының радиожурналисі Әріпжан Әлиді халық жақсы таниды. ***** Жақында біз журналистика әлемі, жалпы шешендік өнер бағыты туралы сыр шерту мақсатында Әріпжанмен арнайы сұқбат құрған болатынбыз. **

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/48ba8969bc34339a85d2e5086bb8f0.jpg)

**-Алғашқы тәжірибеңіз есіңізде ме? Қайда және қалай өттіңіз? **

-Адам баласы өзі қолында бақыты бола тұра бақытты іздеп жүретін жаратылыс емес пе? Бас аман , бауырың бүтін болса бақытты емессің бе? Оданда тәлім ізде, білім ал, өзіңді шыңда. Руханиятыңды кеңейт деген ойдамын. Бала күнімнен мен руханиятпен қатар 10 сыныпқа дейін, биологияны зерттеп, арнайы олимпиадаларға қатысып жүргенім рас. Бірақ, барлығы анамыз ауырған соң өзгеріп сала берді. Анам қатты сырқаттанып ауруханадан шықпады. Үйдің шаруасы маған қалды. Мен отбасымда үшінші баламын. Алдымдағы әпкелерім ерте шетінеп кеткен соң үлкені болу мисссиясы маған жүктеліпті. Біз тұрып жатқан үйде 25 сотық жер болатын. Оны баптау барлығы маған және бауырларыма жүктелді. Оларды басқарып алып жүру менің міндетім еді. 6 сыныпта оқып жүріп үйде нан пісіру, бақша егу, секілді, кейде тіпті үй жинау жұмыстарын өзім қатыратын болып алдым. Сөйтіп жүргенде оқуым нашарлап мектепке тіпті барғым келмей жүретін. Үйткені үйдегі атмосфера жетісіп сабақ оқитындай емес еді. Сол себепті дәрігер болсам деген арманымнан бас тарттым. Анам ауырғаны жаныма батып өлең жаза бастадым. Жазбаларымды ұстаздарым жақсы қабылдап, тіпті аудандық газетке жариялап жатты. Бірнеше ай өткен соң тіпті өлеңдерімді бір жинақ етіп шығарып бергені бар. Бұл нәрсе мені журналистика әлеміне алып келді.

**- Оқуды бітіріп, диплом алғаннан кейін жұмыс табу қиын болмады ма? **

Үйдегілерге 11 сныпты бітірген соң Алматыда оқығым келетінін айттым. Әкемнің шопыр болып тапқан табысы 5 баланы асырауға әрең жетіп жүрген сәт. Сөйтіп анам мені ертіп ауылда жүгері еккен алқапқа жұмыс істеуге алып барды. Ол жерде үлкен алқапта егілген жүгерінің шөбін кетпенмен отап шығу қажет болды. Бір күндік табыс 100 теңге. Сөйтіп ақшаны көп табу үшін үйдегі 3 сынып оқитын қарындасыма дейін жұмыс істедік. Ақша жинап алып Алматыға қарай тарттым. Әрине бірінші жылы шығармашылығым жақсы болғанымен математикам нашар болып тиісті нормада ұпай жинай алмадым. Бірақ ауылға қайтып кетпей Алматыда жұмыс істеуді шештім. Қазіргі Таулы Қарат ауданындағы таныс адамдардың көлік бөлшектерін сататын дүкенге жұмысқа тұрдым. Демалыссыз жұмыс істейтін. Сол жерде жүріп көліктердің бөлешектерін , адаммен қарым-қатнас құруды үйреніп алдым. Ортасында қашып -пұшып телеарнадағы бағдарламаларға қонақ ретінде қатысып жүрдім. Сондай сәттердің бірі әлі есімде. Хабар арнасында "Бабье лето" деген бағдарламаға барып Ольга-Шишигинаға бір сұрақ қойып сыйлық алған едім. Содан жұмыс істеп үйдегілерге көмек беріп арасында қосымша сабақтар үйреніп алып Әл- Фараби атындағы журналистика факультетіне оқуға түстім. Әкемде ол кезде Алматыға келіп, қоғамдық көлік жүргізетін. Мен сабақтан босай қалғанда оған көмек беру үшін кандутор болып жұмыс істеп отбасымызды асырадық. Ал, екінші курстың кезінде достарымнан Алматы арнасының таңғы бағдарламасына тілші қажет екенін естіп, сол жерге жұмысқа тұрдым. Біраз телеарнаның жұмысына ысылғанша сюжеттер, әзірлеп, мәтін жазу, түсірілімге шығуды меңгердім. Бұған бір жылдай уақыт кетті. Әрі жалақы да берілген жоқ. Соған қарамастан мен оқудан кейін телеарнаға барып сюжеттер түсіріп жүрдім. Бір қызығы сюжетті түсірмес бұрын бас редактор менен сюжетімнің сценарийін мәтінін сұрайтын. Оның барлығын жазып беретін едім. Сосын барып түсірілімге рұқсат беруші еді. Ең алғашқы бейнематериалымның кейіпкері, ел анасы, Қазақ КССР-ның халық әртісі Әминә Өмірзақова апамыз болды. ол кісінің Төлебай көшесіндегі үйіне барғаным әлі есімде. Оператор қырсық жігіт жолығып, ол телеарнадан камерасын шұқылап шығып болмады. Сөйтіп апамның үйінен 30 минутқа кешігіп бардым. Алдын ала дайындап барған сценарийімнің күл-талқаны шықты. Менің сюжетім Әминә апамыздың күнделікті тірлігіне арналған еді. Ал стендаптарды (журналистің кадрда тұрып айтатын сөзі ) «Тақиялы періште» филіміндегі кино эпизодттары спетті жасалу керек. Бірақ, олай болмай қалды. Сөйтіп Әминә апам « біздікілер (қазақтар) үнемі кешігіп жүреді, басқалардан үлгі алсаңдаршы» - деп ренжіген сәті есімде. Ақыры, райынан қайтып маған асханасында отырып сұхбат беруге келіскен еді. Артынан ашуы тарқап, өзінің жекебейнемұрағатын қолыма ұстатып, мынадан керегін аларсың -деді. Сөйтіп дайындап барған сұрақтарды бір жерде қана отырып жазып алудың сәті туды. Алғашқы тәжірибе осы. Ол сәтті мен ешқашан ұмытпаймын. Жатқан жері жайлы болсын, апамның ренішінен кейін түсірілімге кешікпей барамын. Ал сол жылы желтоқсан айында маған бас редакторымыз 6000 теңгені қолыма ұстатты. Қуанғанымды көрсеңіздер ғой. Сөйтіп менің телеарнадағы өмірім басталып кетті. Бұл осдан тура 20 жыл бұрын болған оқиға.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f9cb28a2c884c78619f9f752d27ce6.jpg)

**- Жұмыс істеу үшін университте алған біліміңіз қажет болды ма?**

- Университеттегі білімім әрине қажет болды деп айта алмаймын. Бірінші -екінші курстарда алаш зиялыларынн қазақ журналистика тарихын өттік. Дегенмен университеттен өзіме қажетті азық алдым. Алайда сюжет жасау, мәтін жазу, оқу , дыбыстау жағын сол жақтан бірнәрсе үйрендім деп өтірік айтқым келмейді. Мен, журналистика факультетін 4-5 жыл оқыту қажеті жоқ деп айтқым келеді. Тіпті сол оқуға түскен соң өкінген кездер болды. Оданда филолог, немесе басқа мамындыққа барғанда ғой демекші. Онсызда жазу-сызуды білсең журналист боларың анық.

Жоқ, журналистика оңай мамандық емес. Талдау, ақпаратты зерттеу, қателеспеу қажет. Қателік таяқ жегізеді. Кейбір жураналистердің осы саладан кетуінің бірден бір себебі ақпараттың нақтылығын тексермеуден деп айтар едім. Әрі, оқиға орындарына бару, түрлі жағдаяттарды көзіңмен көру ол үшін жүрек керек. Әрі ұстамдылық қажет. Ұрыс естіп, түрлі рейдттерге шығып, тіпті көтерілістер болған бұрындары соларды зерттеуге барған сәттерім әлі есімде. Владимер деген орыс редакциясындағы әріптес-досыммен. Көтерілісшілер БАҚ қызметкерлерін жақындатпады. Өйткені биліктің сойылын соғасың деп. Бұған қарамай біз түн ортасында олардың қатарына барып, мән жайды сұрастырған едік. Түнімен ұйықтамай ертесі оны дайындап эфирге жібердік. Әрине, ол кезде әлеуметтік желі жоқ. Әрі ол үшін біз артық ақша төлеуді де талап етпедік. Өйткені сондай маңызды оқиғаның ортасында жүргенімізге мәз болып жүре беріппіз.Қазір ондай оқиғаларды зерттеген журналистерге қаламқы молынан төленеді.

**- Журналистиканы таңдағандар, осы мамандықта оқитындар бұл салада бірінші қандай қабілетін дамытқаны дұрыс? **

- Журналист деп қазір көп адам болғысы келіп әрекет етуде. Бірақ ол адамның басында оқиғаны екі жақтан алып зерттеу, нақтылық, ең бастысы адалдықтан аттамағаны жөн. Бірнәрсе айтайыншы, қайсібір жылдары бізді діни экстримизмді зерттеу материалдарына қатысты арнайы теологтар мен заңгерлер оқытты. Яғни ондай ақпараттарды таратуда сақтықпен әрекет ету ләзім. Мұныда көпшілік журналистер біле бермейді.

**- Журналист бәрінен хабардар болуы керек дейсіз. Өзіңіз телеарнадан басқа қай салада жұмыс істеп көрдіңіз?**

- Мен университетті бітірген соң Алматы арнасында жаңалықтар бөлімінде, «Хабар» агенттігінде арнайы жобалардың редакторы болып қызмет еттім және сол жылдары маған НТК арнасында жауапты редактор болуға ұсыныс түсті. Ең алғаш рет мен тек шығармашылыққа ғана емес, редакцияны басқаруғадағы жұмыстардың мәнісін біліп алдым. Қарамағымды 5 адамнан тұратын журналистерге сол кезде рейтингі түсіп кеткен телеарнаны жаңа жобалармен толықтырдық. Бір қиыны басшылық орыс өкілдері еді. ОЛарға әрбір түсіретін материалдарымыз жөнінде есеп беру маған жүктелді. Бұ тұста өгізді өлтірмеу, арбаны да сындырмау қажет еді. Бірақ өзімізге жүктелген жүкті абыроймен алып шықтық. Сол тұста ең бірінші шоу-бизнес саласының дамуына қатысты еңбек еттік. Әлі есімде қазір сахнада жүрген 20000 жылдардан кейін шыққан МұзАРт секілді қазіргі танымал топтарды көрсету үшін жоғарыдағы басшыларға қорғап шығатынбыз. Білмедім сол кездегі жағдай арнадан өзге елдің әртістерін көрсетіңдер өз әртістеріңді түсірмеңдер деген саясат жүрген сияқты.

**- Ораторлық шеберлік, дикция қоюға байланысты курсыңыз не туралы және басқа курстардан ерекшелігі қандай? **

- Ораторлық шеберлік, дауыс, дикция бұдан бөлек қазір подкаст түсіріп танылудың сәті түскен заман туды. Сондықтан адамдарды әдемі дауысын оятуға, дұрыс подкаст жасауға үйретіп жүрген жайым бар. Дауыс қою, әдемі сөйлеу харизмаңды дамыту арқылы жетісткке жетесің. Мұны табысты жандар жақсы біледі. Ал менің басқалардан айырмашылығым ол бәлкім белгілі бір аудиториямен ғана жұмыс істемеймін. Мен оқытқандардың арасында осы күндері билікте отырған шенділер мен тіпті оқушы балаларда бар. Олар менен әдемі дикцияны, сөйлесуді, коммуникацмя құруы үйреніп алды. Тек шенділер ғана емес, ұстаздар, студенттер, әншілер тағы басқалар бар. Шәкірттер аз емес. Қазір Қуандық рахымның продюссері Жанна Абуованың жаңа жобасымен жұмыс жасап жатырмыз. Ол жобаның әлі илеуі қанған жоқ.Бұйыртса көресіздер. Сонымен қатар шәкірттерімнің бірі деп бизнес саласында жүрген кәсіпкер ханымдар тағы бар. Осылардың барылығында бойында жетіспейтін бұл өзіне семділік, әрі әдемі дауыс. Басқа курстардан ерекшелегі біз барлығын практикалы сабақтармен түйіндеп отырамыз. Яғни сұхбаттар жүргізу. ӨЗінің шеберлігін шыңдау барысында біз біргеміз. Бастысы жинаған шеберлігіне қарай жол сілтеймін. Қайсыған еңбі бар жоғын нақыталаймыз. Сондықтан менің крусыма жазылыңыздар, қолымнан келгенін үйретуге әзірмін. Сексуалды дауыс қоюды үйретемін))

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/e4bee130491ccb3704a152d2292b27.jpg)

**– Телеарнаға қалай келгеніңізді білдік, ал радиода жүргізуші болған қандай екен?**

- Радиоға келуім тіпті қызық болды. Студенттік шағымда Қазақ радиосынан тәжірибеден өтіп радионың магниті сол тұстан юастап мені тартта бастаған. Сол кезде радионың жұмысын ұнап қалды. Бірақ кейіннен телеарнадан жұмыс істеп жүргенде, тапқан ақшам жетпей жүрді. Сөйтіп бір күні Еураопа+Қазақстанда істеп жүрген Қалдыбек Жайсаңбай досыма қолқа салдым . Мені диджей ретінде жұмысқа шақырды. Сөйтіп түнгі уақытта эфир жүргіздім. Радиодан сөйлеу қиын емес болды. Бірақ ондағы техниканы игеріп алып кету оңай болмады. Өйткені радиода диджей дауысын өзі қадағалап, эфирге шығатын пультты өзі басқару керек. Техникаға шорқақ басым, екі күннен кейін істемеймін деп қашып кеттім. Содан күндердің бір күнінде екінші бір досым, ол Ретро ФМ-ге жаңалықтарға дикторы керек деп маған өтініш айтты. Өзі басқа жұмысқа ауысып жатыр екен. Осылайша Ретро фм кейіннен Еуропа+Қазақстан радиоларында жаңалықтар дикторы болып қызмет атқардым. 3 жылдай істедім кейіннен телеарнаға жүргізуші болуыма байланысты радионы қойдық. Бірқ биылдан бастап Бизнес ФМ деген іскерлер аудиториясының жиілігіне жаңалықтар бөлімінің дикторы болып қызметке тұрып алдым. Радионың әлемі бір бөлек, телеарна тіптен бөлек. Ал сайт мүлдем басқа. Мен бұлардың барлығын меңгеріп алдым деуге болады.

**– Болашақ журналистерге жалпы медиа саласына келгісі келетіндерге не айтар едіңіз?**

– Қазіргі медиа саласы өзі түсініксіз болып тұр. Популизм үстемдік құрған уақыт. Егер медиа сүйем отына күйемін деген жандар ғана мұнда ұзаққа тұрақтайды. Өйткені алып бара жатқан жалақы да жоқ. Қайта кейде блогерлер бізден жақсы ақша табатынын көріп, не істеп жүрмін деуі мүмкін. Егер сен сол саланы сүйсең аштан өлмейсің. Бастысы махаббатпен жұмысыңды істесең болғаны.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/8dadbdecef830cbceb31809daa9f2d.jpg)

**- Эфир кезінде қандай қызықтар болып тұрады? Есіңізде қалған қызықты оқиғаларыңызбен бөліссеңіз. **

-Менің эфиірімде бір күні радиодағы диджейлер жаңалық оқып жатқанда мазақтап күлдіргені бар. Тырқылдап әрең оқып шықтым. Таныған адамдардан хаттар келіп жатты. Барлығы дұрыс па? Ішіп алғансың ба?- деген сияқты хаттар жолдапты.

**- Алға қойған жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба?**

- Алға қойған жоспар медияда жалындап жарқырау. Тек жалындаған адамдар тәрбилеген шәкірттер де жалындап -жарқырап тұрады емес пе! Сол өзім сол жолда еңбек етіп жүрмін. Яғни қазір подкаст түсіруді, дауыс қоюды, шешендік өнерден дәріс беріп жүрмін. Арнайы топтар бар. Қызық болса хабарласыңыздар! Ақпаратты @aripposh деген истаграмнан білуге болады.

#дауысқою

#дикция

#Әріпжан

---

Source: [https://yvision.kz/post/demi-dauys-oyudy-yretemin-1001318](https://yvision.kz/post/demi-dauys-oyudy-yretemin-1001318)