---
title: "ӘДЕБИЕТТІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ"
description: "Алматыда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушы..."
author: "makala"
published: "2014-11-11T04:33:16+00:00"
modified: "2014-11-11T04:33:16+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/debietti-sa-tau-ltty-sa-tau-438896"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/debietti-sa-tau-ltty-sa-tau-438896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӘДЕБИЕТТІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ

> Алматыда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушы...

![ӘДЕБИЕТТІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ](http://static.nmn.kz/images/w264/media/upload/319/2014/11/03/830656c8aa43d445aa42f105a1038725.jpg)

Алматыда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық торқалы тойы болып өтті. Алқалы басқосу салтанатты түрде Әнұранмен ашылды.

Алғашқы сөзді ҚР Президент Әкім­шілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев алып, 80 жылдық мерей­тойдың ашылуымен құттықтады және Елбасы Н.Назарбаевтың той қонақ­тарына құттықтау хатын оқып берді. «Жазушылар одағы – еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық ұйым» деген Елбасы өз құттықтауында тәуелсіздікті түбегейлі етуде қалам­герлерге артылатын талап пен міндеттің зор екенін атап өткен.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаламгерлерді мерейлі мере­кесімен құттықтап, одақ жұмысына сәт-сапар тілей келе, жазушылардың қара шаңырағы орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге қалалық әкімшілік тарапынан биыл 40 миллион теңге бөлінгенін, алда да шығарма­шылық ұйымға мүмкіндігінше қамқор қолын созатынын жеткізді. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4279-adebietty-saktau-ultty-saktau))

---

Source: [https://yvision.kz/post/debietti-sa-tau-ltty-sa-tau-438896](https://yvision.kz/post/debietti-sa-tau-ltty-sa-tau-438896)