---
title: "ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАРАЛАЙТЫН ДОДА"
description: "ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ «ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР Биылғы жылы өз шымылды..."
author: "ergali-kartaigan"
published: "2015-03-27T02:01:50+00:00"
modified: "2015-03-27T02:01:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/daryndylardy-daralaytyn-doda-485922"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/daryndylardy-daralaytyn-doda-485922/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАРАЛАЙТЫН ДОДА

> ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ «ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР Биылғы жылы өз шымылды...

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ «ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Биылғы жылы өз шымылдығын алтыншы рет түргелі отырған бұл байқауда бақ сынаушылардың қарасы қалың. Еліміздің түпкір-түпкірінде болашақ журналистерді баптап жатқан оқу орындарының үмітін арқалап келген 12 команда өзара кім мықтыны анықтауда. Сайыс қатысушылары байқаудың бірінші күні «Журналистика» мамандығының білімгерлері үшін міндеті түрде оқытылатын 4 профильдік пәннен тест тапсырып, білімдері байқап көрді. Ал, екінші турында байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қауқарын танытпақ. БАҚ-ның сан саласы бойынша жиған біліммен, алған тәжірибе сыналар бұл байқауға «Егемен Қазақстан» шолушысы Айнаш Есали, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, радиожурналист Нұртай Лаханұлы, блогшы, SMM-маманы Дінмұхаммед Зиядин сынды журналистиканың түрлі жанрларының өкілдері төрелік ететін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/daryndylardy-daralaytyn-doda-485922](https://yvision.kz/post/daryndylardy-daralaytyn-doda-485922)