---
title: "«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл"
description: "23 қарашада «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі ме..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2023-11-24T09:12:56+00:00"
modified: "2023-11-24T09:12:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/dala-zh-ldyzy-mektepter-arasynda-batl-998023"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/dala-zh-ldyzy-mektepter-arasynda-batl-998023/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл

> 23 қарашада «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі ме...

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/b1b76e79e563dca66fa975e985da1d.jpg)

23 қарашада «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» мектептер арасында батл ойынының 2 кезеңі өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде жеңіске жеткен қаламыздың жалпы білім беретін №115 және №17 мектептері кездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, өлеңдерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №115 жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

#гидпоказахстану #гидқазақстанға

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/38504895bfbabd9f0b0816cf325db6.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/c4869a2a163c762352b03af9da1185.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/2ae7ab1c98901b2315eaa1ea8164ef.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/c02241f52f59cdb1a18eb72933e751.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/da99b794c0d11c043980bba78b14d6.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/d5a5818c7abadde11987613b9c0f98.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/96d8dbae393bc204fb3a1a5ef6b0ab.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/dde41cf2b036bd1ed72c0b20582f37.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/b8e368fb2d0525048cdf5d169ca8d3.jpg)

![«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/b23c6756c58d315687c012e772eed6.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/dala-zh-ldyzy-mektepter-arasynda-batl-998023](https://yvision.kz/post/dala-zh-ldyzy-mektepter-arasynda-batl-998023)