---
title: "ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ."
description: "Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі а..."
author: "zhangali.nurotan.kz"
published: "2022-11-07T12:44:33+00:00"
modified: "2022-11-07T12:44:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/d-rigerlermen-kezdesu-tti-978111"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/d-rigerlermen-kezdesu-tti-978111/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

> Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі а...

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген медицина саласындағы басымдықтарды айтып берді.

Мемлекеттің тағы бір маңызды міндеті – ұлт денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру екенін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында нақты келтірген. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетінін де жеткізді. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны жыл сайын көбейе бермек. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітілетінін де айтты, - деді аудандық қоғамдық штаб мүшесі Д.Мерешов.

Ал, штаб мүшесі, аудандық аурухана дәрігері О.Көбесова «Адам жанына Алладан кейін арашашы болатын өздеріңіз, алдағы маңызды күнді де бірге жұмылып, абыроймен өткізейік» - деп ұжымының ерең еңбегін атап, сайлауда дауыс беруге шақырды

Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын жақсартып, медициналық қызметке қолжетімділікті арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсарту - бағдарламаның басты бағыты. Ұжымымыз әрқашан бір жағадан бас бір жеңнен қол шығырып жұмыс істеп келеміз. Сондықтан алда болатын саяси науқанға халқымыз бір ел болып белсене қатысайық, — деп кездесуді қорытындылады.

#Toqaev2022

---

Source: [https://yvision.kz/post/d-rigerlermen-kezdesu-tti-978111](https://yvision.kz/post/d-rigerlermen-kezdesu-tti-978111)