---
title: "BOOK DAY - кітап лабиринті = BOOK DAY — книжный лабиринт"
description: "Республикалық «KitapTime-2026» кітап фестивалі аясында № 11 жалпы білім беретін мектеп, № 2 мектеп-лицейдің, Ахмет Бірімжанов атындағы 4-6 сынып о..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-09-11T10:56:12+00:00"
modified: "2026-09-11T10:56:12+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/book-day-kitap-labirinti-book-day-knizhnyy-labirint-1021971"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/book-day-kitap-labirinti-book-day-knizhnyy-labirint-1021971/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# BOOK DAY - кітап лабиринті = BOOK DAY — книжный лабиринт

> Республикалық «KitapTime-2026» кітап фестивалі аясында № 11 жалпы білім беретін мектеп, № 2 мектеп-лицейдің, Ахмет Бірімжанов атындағы 4-6 сынып о...

![BOOK DAY - кітап лабиринті = BOOK DAY — книжный лабиринт](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/aff875ba658cb2b70f27552b43e99f9b.jpg?width=1439&height=1004)

Республикалық **«KitapTime-2026»** кітап фестивалі аясында № 11 жалпы білім беретін мектеп, № 2 мектеп-лицейдің, Ахмет Бірімжанов атындағы 4-6 сынып оқушыларына арналған **«BOOK DAY»** атты кітап лабиринті форматындағы интерактивті экскурсиялық-ойын бағдарламасы өтті. Фестивальдің басты мақсаты - кітап пен оқуды насихаттау, оқырманның әдеби ой-өрісін кеңейту және әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.**Іс-шараның басында кітапхана бөлімдері бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды. **Содан кейін балалар **интерактивті кітап көрмесі **әлеміне шақырылды. Мұнда әр кітаптың өз жұмбағы немесе қызықты сұрағы жасырылған еді. Қатысушылар танымал шығармалар туралы сұрақтарға жауап беріп, әдеби кейіпкерлер мен авторларды еске түсірді, кітаптарды үзінділері арқылы таныды. Әдеби шығармалардың экрандалуына байланысты тапсырмалар ерекше орын алды. Балалар фильмнен кейіпкерді, шығарманы және оның авторын анықтауы керек болды. Қызықты, танымды әрі кей тұстарда оңайға соқпады! Кітап лабиринті білімді, зейінділікті, есте сақтауды, логикалық ойлауды және, әрине, әдебиетке деген сүйіспеншілікті талап етті. **Іс-шара қызығушылық пен көтеріңкі көңіл-күйге толы жылы атмосферада өтті.Кітап әрдайым біздің адал досымыз, білімнің, шабыттың және жаңа жаңалықтардың қайнар көзі болып қала берсін!**

![BOOK DAY - кітап лабиринті = BOOK DAY — книжный лабиринт](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/b1daedce4e6d2e7d0824088994e22df9.jpg?width=1440&height=1022)

В рамках Республиканского книжного фестиваля **«KitapTime-2026»** для учащихся 4-6 классов «Общеобразовательной школы № 11», «Школы-лицея № 2» и «Общеобразовательной школы имени Ахмета Бірімжанова» была проведена интерактивная экскурсионно-игровая программа в формате книжного лабиринта **«BOOK DAY». Главная цель фестиваля — популяризация книги и чтения, расширение читательского кругозора и формирование устойчивого интереса к литературе.В начале мероприятия была проведена небольшая экскурсия по отделу библиотеки. **Затем ребят пригласили в мир **интерактивной книжной выставки, где каждая книга скрывала свою загадку или интересный вопрос. Участники отвечали на вопросы о знаменитых произведениях, вспоминали литературных героев и авторов, узнавали книги по фрагментам. Особое место заняли задания, связанные с экранизациями литературных произведений: нужно было узнать героя, произведение и его автора. Было интересно, познавательно и местами непросто! Книжный лабиринт требовал знаний, внимательности, памяти, логики и, конечно, любви к литературе.** Мероприятие прошло в атмосфере любознательности и хорошего настроения.Пусть книга всегда остаётся нашим верным другом, источником знаний, вдохновения и новых открытий!

---

Source: [https://yvision.kz/post/book-day-kitap-labirinti-book-day-knizhnyy-labirint-1021971](https://yvision.kz/post/book-day-kitap-labirinti-book-day-knizhnyy-labirint-1021971)