---
title: "«БОҚЫРАУ»"
description: "«БОҚЫРАУ» – Ата, күздiң тағы қандай амалдары бар? – деп сұрады таңертең Дәурен атасынан. – Сiздiң ам..."
author: "kitap2"
published: "2016-03-16T13:10:27+00:00"
modified: "2016-03-17T03:13:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/bo-yrau-684019"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/bo-yrau-684019/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «БОҚЫРАУ»

> «БОҚЫРАУ» – Ата, күздiң тағы қандай амалдары бар? – деп сұрады таңертең Дәурен атасынан. – Сiздiң ам...

**«БОҚЫРАУ»**

– Ата, күздiң тағы қандай амалдары бар? – деп сұрады таңертең Дәурен атасынан. – Сiздiң амалдарыңыз алдамайды екен.

– Амалдың алдамайтын себебi алда, – деп күлдi атасы.

– Баяғыда амал ауысқан сұрапыл жылдар да болыпты. Алайда, амалдарды ауыстырып қайтесiң, балам?

– Мейлi, ауыса берсiн, бiз одан қорықпаймыз. Атасы мырс етiп күлдi.

– Тiрi табиғатты қайтесiң, балам-ау. Аңдарды, құстарды, құрт-құмырсқаны қайда қоясың?

Дәурен ештеңе айта алмады.

– Бiлмеймiн...

– Мұнан соң, – дедi атасы, – қазанның он бесiне қарай мындаған өсiмдiк түрлерi ұрықтарын жерге төгiп болады. Құрт-құмырска жазғы әрекеттен әбден қалжыраған. Ел қыстауға көшедi.

– Өйткенi тағы бiр жұлдыз туады ғой, – дедi Дәурен.

– Ендi жұлдыз тумайды. «Жазғы» жұлдыздар «қыс-қы» жұлдыздарға ауысады. Түн қатты суытады да, малдың қиы тоң боп қатады. Бұл амалды қазақ «Боқырау» деп атайды.

– Жұлдыздардың да «жазғысы», «қысқысы» бола ма?

– Болады. Көкек айынан бастап, қазан айының он бесiне дейiн жұлдыздар ұсақтау көрiнедi. Бұл «жазғы» жұлдыз. Ал қазанның он төртiнен он бесiне қараған түнiнен бастап жұлдыздар баданадай-баданадай болып iрiлейдi. Бұл «қысқы» жұлдыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/post/bo-yrau-684019](https://yvision.kz/post/bo-yrau-684019)